2019 жылдың 05 қыркүйегі “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері Петропавл қаласының “Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларына “XVIII ғасырдағы қазақ батырының қару-жарағы” атты мұражай сабақ өткізді. Балалар қазақ батырларының әскери өнерімен танысып, дәстүрлі қару-жарақтың түрлерін өз көздерімен көрді. Іс-шара балаларда патриоттық сезімді дамытуға және қазақ халқының тарихына деген құрмет сезімді дарытуға бағытталды.

2019 жылдың 29 тамызы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Әскери-техникалық мектептің тындаушыларына “18 ғасырдағы қазақ батырының қару-жарағы” атты мұражай сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты жастарда патриоттық сезімді дамытып, қазақ халқының тарихына деген құрметті арттырып, қазақ батырларының әскери дәстүрімен таныстыру болып табылды. Мұражай сабақ түрлі қазақтың дәстүрлі әскери қару-жарағын көрсетумен сүйемелденді.

2019 жылдың 25 тамызы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Әскери-техникалық мектептің тындаушылары экскурсияға келді.

2019 жылдың 16 тамыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне Қазақстанның жастар Конгресі ұйымдастырған “Jastar keryeni” Республикалық жобаның қатысушылары келіп, экскурсияны тамашалады.

Жоба мақсаты-Қазақстанның әр өңірінен белсенді жастардың басын біріктіріп, сондай-ақ ішкі туризмді дамыту және насихаттау.

“Абылай хан резиденциясы” музей кешені киелі жер және тек өз өңіріміз үшін ғана емес, букіл ел үшін тарихи-мәдени мәнге ие.

Іс-шара Жастар жылына байланысты өткізіледі.

2019 жылдың 15 тамыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешені қызметкерлерімен “Super Star Club” бос уақытты өткізу және дамыту орталығының тәрбиеленушілеріне “Сиқырлы сандық” іс-шарасысы өткізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты: тек өз халқының ғана емес, сонымен қатар өңірімізде тұратын басқа халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

Балалар музыкалық жұмбақтарды шешіп, би билеп, ұлттық ойындарды ойнады. Олар әр халықтың музыкалық аспаптары жайында білімдерін кеңейтті.

Сонымен қатар тәрбиеленушілер домбыраның қалай пайда болғаны жайында аңызды тыңдады. Іс-шараның бір ерекше сәті музыкалық композицияларды домбырада ойнау. Сол арқылы балалар әуеннің түрін тауып айтты. Іс-шараны қорытындылай келе естелік ретінде балаларға домбыра пішініндегі белгішелер сыйға берілді.