«Айғаным сары дала қызы» атты көрме

2023 жылы біздің өлкеміздің XIX ғасырдағы көрнекті қайраткерлерінің бірі Айғаным Сарғалдаққызының туғанына 240 жыл толады. Ол тарихқа немересі Шоқан Уәлихановтың тәрбиесіне үлкен әсер еткендіктен ғана емес, күйеуі Уәлі хан қайтыс болғаннан кейін Сырымбет рулық мүлкін басқаруды өз мойнына алды.
2023 жылдың 16 мамыр Халықаралық музейлер күніне және «Абылай хан резиденциясының» 15 жылдығының ашылуына орай ұйымдастырылған Солтүстік Қазақстан облысы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің қорынан Айғанымның 240 жылдығына арналған «Айғаным сары дала қызы» атты жылжымалы көрме ашылды.
Көрмеге Айғаныммен және Уәлихановтар отбасына байланысты 30-дан астам экспонат қойылды: Уәлихановтар отбасының фотокөшірмелері, Ш. Уәлихановтың жорықтық сандығы, Шоқан әкесінің алтын жіппен кестеленген белбеуі, Шоқанның інісі Мақының сүйектен жасаған сандығы, Айғаным ханымның қамзолы, XIX ғ. жауынгер сауыты және т. б.

Видеопрезентация “Халық қадыр тұтатын ерлердің бірі С.Д.Луганский”

Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара

 

2023 жылғы 4 мамыр күні Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай іс-шара өткізді.

Музей алаңында музей қорынан қару-жарақ көрмесі және ҚР Ұлттық ұлан академиясының заманауи қару-жарақ үлгілері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері өз шеберліктерін көрсетті.

Сонымен қатар, қатысушылар күш ойындарын ойнады: армрестлинг, салмақ көтеру, арқан тарту. Шебер қару жасаушының жұмысымен танысты, үшбұрыш-хаттар жазды, ардагерлерге, Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері тілектерін білдірді.

Музыкалық бағдарламаны Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншілері мен эстрадалық және джаз музыкасы оркестрі ұсынды.

Сондай-ақ, әскери дала асханасы жұмыс істеді, онда барлық адамдар дәмді сарбаз ботқасынан дәм татып, ыстық шай іше алды.

"Сұрапыл заман" атты ашық аспан астындағы іс-шара

2023 жылдың 28 сәуірінде “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғаларының 300 жылдығына арналған “Сұрапыл заман” атты ашық аспан астында дәріс өткізілді.

Шақырылған аудитория үшін студенттер әдеттегідей партада отырмай, орындықтарға жайғасып, сол жылдардағы тарихи оқиғалар мен процестер туралы дәрісті қызығушылықпен тыңдайтын дәуірдің тұрмыстық заттарымен безендірілген алаң дайындалды.

Сондай-ақ, музей қызметкерлері Қожаберген жыраудың “Елім-ай” поэмасынан үзінділер оқыды, оны автор халықтың ауыр жағдайына және оның жоңғар шапқыншылығына қарсы батыл күресіне арнады.

Іс-шара соңында оқушыларға музей бойынша экскурсия өткізілді.

Бұқар жыраудың 330-жылдығына арналған қалалық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы

2023 жылдың 10 наурызы
“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Бұқар жыраудың 330-жылдығына арналған “Жыр жолынан саздың ұғып мұратын” атты қалалық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. 1 кезең: 1–20 ақпан аралығында. Байқаудың талабы: Бұқар жыраудың мектеп бағдарламасына енбеген шығармасын таңдап,жатқа оқу. Жатқа оқыған өлеңін бейнероликке түсіріп,музей поштасына жіберу болатын. 30- дан аса өтінім келіп түсті. Сол жұмыстың ішінен 12 үздік жұмыс әділқазы алқасымен іріктеліп алынды. Әділқазы алқасының құрамы: Садаев Аян Нәбиұлы — “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің директоры, Көкбас Жазира — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі, “Абайтану” ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері және Тұяқова Фарида Мұқатайқызы — СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы.
Байқаудың 2 кезеңі, яғни қорытындысы 10 наурыз күні музейде өтті.
Байқау нәтижесі төмендегідей:
Наминанттар:
1. “Ең жас қатысушы” аталымында Әміреқұл Жасмина. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 4 сынып оқушысы.
2. “Креативті қатысушы” аталымында Хабыл Нұрсыйла. Ә. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы.
3.“Үздік поэзия шебері” аталымында Рамазанов Виктор. Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы.
4. “Актерлік шеберлік” аталымында Мұхаметжан Әмір. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы
5. "Көрермен көзайымы" аталымында Жумаканова Айым. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы
6. “Көрермен көзайымы” аталымында Қайдар Абылайхан. М. Жұмабаев атындағы IT мектеп лицейінің 5 сынып оқушысы марапатталды
Жүлделі орындар:
3 дәрежелі дипломдармен:
1.Қамит Биайым. Назарбаев зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы
2.Бақыткерей Ерасыл. С.Шаймерденов атындағы классикалық-гимназиясының 5 сынып оқушысы
3.Сайран Аманат. Ж. Ташенов атындағы №20 орта мектептің 5 сынып оқушысы марапатталды.
2 дәрежелі дипломдармен:
1. Уринбекова Жансая. Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы
2.Калыков Адильхан. Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы марапатталды.
1 дәрежелі дипломмен:
Ержан Әкежан.
Ә. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы марапатталды.
Байқауға қатысқан оқушыларға және жетекшілерге сертификаттар табысталды.