«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты Абай оқулары байқауы

2023 жылы 8 ақпан күні «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 1-4 сынып оқушылары арасында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты Абай оқулары байқауы өтті.

Іс-шара мақсаты:

  • Бастауыш сынып оқушыларына Абай өлеңдері мен қара создерін насихаттау.
  • Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
  • Абай қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру.

Оқушылар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқыды.

Байқаудың қорытындысын қазылар алқасы сөз сөйлеушілердің сөйлеу нормаларын сақтауына, олардың әртістігіне, имиджге ену тереңдігіне және мәтіннің мағынасын жеткізуге назар аударды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Видеопрезентация «Панфиловшылар ерлігі»

Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 13 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктері көшбасшылары клубының отырысы өтті.

Клуб отырысын аша отырып, Дін істері басқармасының басшысы Р.И. Қасенова шақырылғандарды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түзетулер енгізілгенін атап өтті.

25 қазан — Қазақстан Республикасы Күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналды.

16 желтоқсан — Тәуелсіздікке елеулі үлес қосқан ұлттық батырларымызды еске алу күнін білдіреді.

Клуб отырысы аясында қатысушыларды: “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің бас имамы Х. Әділбеков, Петропавл және Булаев епархиясының хатшысы С. Первушин, “Евангелиялық Солтүстік Қазақстан облысының сенім христиандары шіркеуі” ЖҚ басшысы В.Казаченко, сондай-ақ “Евангелиялық Қазақстанның сенім христиандары одағы “Агапе” Евангелиялық христиан шіркеуі” ЖҚ басшысы Н. Полищук, “Солтүстік Қазақстан облысының “Азат ету” “Евангелиялық сенім христиандарының шіркеуі” ЖҚ басшысы құттықтады.

Соңында діни бірлестіктердің басшылары “Абылайхан резиденциясы” мұражай кешенінің әкімшілігі дайындаған экскурсияға қатысты.

“Құлеке батыр және ұрпақтары” атты тарихи-өмірбаяндық очерктер кітабының тұсау кесер рәсімі

2022 жылдың 11 қарашасы Абылай хан резиденциясында “Құлеке батыр және ұрпақтары” кітабының шығуына арналған және XVIII ғасырда өмір сүрген ұлы жерлесіміз, Абылай — батыр ханның адал серігі Құлекенің 320 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара барысында тарихшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, еңбек ардагерлері, батыр ұрпақтары сөз сөйледі.

Дәл осы жерде және бүгін Абылай есімімен аталатын музейде осы тарихи-өмірбаяндық очерк ресми түрде жарық көрді. Онда Құлеке, Абылай, Құлсары және батырлардың басқа да серіктеріне қатысты көптеген мақалалар, жұмыстар, баяндамалар жинақталған, сондай-ақ өз заманының өте лайықты және беделді адамдары болған Құлеке ұрпақтары туралы ақпарат жазылған. Батыр Құлеке біздің өлкеміздің тарихында тек батыр, қолбасшы ретінде ғана емес, мемлекет қайраткері, дипломат және елші ретінде де елеулі із қалдырды.

“Асқақ рух, дара күш — Қазақстаным!”