Видеопрезентация "Қарттар – үйдің қазынасы", посвященная Дню пожилых.

Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің “Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі

2021 жылғы 30 қыркүйекте Семей қаласындағы Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің “Адамзаттың Абайы” атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті.

Негізгі мақсаты: аудиторияны қазақ даласының Ұлы ақыны Абай мұрасымен таныстыру.

Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары-қайталанбас туындылар, қазақ халқының рухани әлемінің шыңы. Абай шығармаларын таныстыру, тану, жаңғырту, насихаттау – тарихи парыз, міндет. Абай мұрасы-ғасырлар бойы өзінің маңызын жоғалтпаған халықтың сарқылмас игілігі.

“XVIII ғасыр қазақ батырлары” атты конференция

2021 жылғы 27 қыркүйекте Абылай хан резиденциясында “XVIII ғасыр қазақ батырлары” конференциясы өтті.

Спикерлер: Садаев Аян Нәбиұлы - Абылай хан Резиденциясының директоры; Мәлікова Сәуле Зейноллақызы - Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты; Жақсыбай Самрат Баянұлы - “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі, жазушы-журналист; Сартаев Жанбатыр Нұртайұлы - профессор, медицина ғылымдарының докторы; Плешаков Анатолий Андреевич – тарих ғылымдарының кандидаты, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры; Тәжин Жангелді Уақпанұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика еңбек ардагері; Шалабаев Қарақат Ысқақұлы – педагогика еңбек ардагері; Балтабаев Абылай Зияұлы – Шал ақын ұрпағы.

Мақсаты: қазақ тарихының баға жетпес қазынасын, қазақ жауынгерлерінің халық тағдырын шешудегі жеңістерінің тағдыршешті мәнін насихаттау, жас өскелең ұрпақтың Ұлы Дала кеңістігін ғасырлар бойы қорғаған батырлардың батырлық ерліктері туралы түсініктерін кеңейту.

Онлайн-мероприятие “Тілге құрмет, елге құрмет!”, посвященное Дню Языков

“Музей құпиялары” музей онлайн сабақтар топтамасы. 17 бөлім