×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/events

2017 жылғы 25 шілдеде СҚО әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен “Абылай хан резиденциясы” қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражаймен бірлесе отырып “Сырымбет – қасиетт қара қоныс” атты квест-ойыны өткізілді. Іс-шараға Сырымбет ауылының тұрғындары мен Айыртау ауданының жетімдер және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Жобаның мақсаты мен тапсырмалары:

  • Қазіргі ұрпаққа ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы Ш.Ш.Уалиханов туралы, оның Қазақстан тарихындағы  маңызы жөнінде  қызықты түрде жеткізу.
  • Өскелең ұрпаққа туған жеріне деген қызығушылықтарын, махаббатын, намысын қалыптастыру.
  • Әр азаматтың «Кіші Отанына» деген патриоттық сезімдері мен жауапкершілігін арттыру.
  • Өлкетану бойынша білімдерін кеңейтіп, өз жерінің мәдени мұрасын, өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын біліп, қастерлеуге ынталандыру.
  • Айғаным музей-қонысын қызықты да, танымдық туристік объект ретінде жария ету.

Іс-шара квест ойыны түрінде өткізілді. Ойынның бұл түрі қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.  Ойынның тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сай өңделді. Ойыншылар Айғаным қонысының аясындағы Ш.Уәлихановтың бейнесі бар естелік  медальондарды өз қолдарымен жасады.  Ойын өте қызықты да танымдық  мазмұнда өтті. Іс-шара барысында ойыншылар ХХІ ғасырдың ұлы тұлғасы Ш.Ш.Уалиханов туралы, оның Қазақстан тарихындағы  маңызы жөнінде  қызықты түрде тани білді. Квест-ойыны әр адамның өзінің Отанына деген патриоттық сезімдерін,  махаббатарын, намысы мен жауапкершіліктерін арттыру.  Ойынның тапсырмалары ойыншыларды достыққа  және ұжымшылдыққа баулыды. Іс-шара сәтті өтіп, қатысушылар сыйлықтарға ие болды.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің “Фараб – Отырар өркениеті” атты тақырыптық көрмесі “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде 2017 жылғы 19 қыркүйек күнінен 31 қазан аралығында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде өткізіледі.

Көрменің мақсаты “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын тарихқа бай, казах өркениетінің алтын шыңы болып табылатын Отырар қаласының тарихымен таныстыру.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет және құжаттамалар басқармасының қызметкерлері, СҚМУ мұғалімдері, өлкетанушылар, СҚМУ мен гуманитарлы-техникалық колледж студеттері және жергілікті БАҚ қатысты.

Солтүстікқазақстандықтардың атынан көрменің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысының міндетін атқарушы З.Т.Нұрмұқанова, СҚМУ мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты А.А.Плешаков, “Асыл мұра” ғылыми орталығының басшысы Т.А.Сүгірбаев сөз сөйледі. Барлық қатысушылар Отырар мұражайының көрмесін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай қорығының зерттеу бөлімінің меңгерушісі Е.Т. Шоқай Отырар және оның Қазақстан тарихындағы өзіндік орны туралы, қаланың археологиялық зерттеулері туралы айтты.

Көрмеге IX–XIX ғасырларға жататын 132 жәдігер қойылды. Олардың ішіндегі ең құндылары — керамикалық ыдыс–дастархан, сазды майшамдар, қытайлық фарфор, күміс пен қоладан жасалған ақшалар, зергерлік бұйымдар. Көрмеге Отырарда өңдірген шыныдан жасалған ыдыстардың бөлшектері қойылды. Отырардың тарихы мен ерекшеліктері туралы Отырар археологиялық мұражай қорығының экскурсия жүргізушісі айтып берді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді “Фараб – Отырар өркениеті” атты көрмеге шақырамыз!

26.04.2017 ж. “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Жастар жастар үшін. ХХІ ғасыр мұражайы” жобасының жалғасы болып келетін “Би – рух тыныс” би фестиваль-байқауы өтті. Байқау бағдарламасында барлығы 6 би ұжымы бақ сынасып, 8 би нөмірі көрсетілді. Фестиваль-байқауды “Тенгри” би ансамблі “Нәзігім” атты  нөмірімен ашты. Қатысушыларды қолдауға барлығы 100 астам көрермендер келді.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

  • Жастарға шығармашылық қызметте қолдау көрсету.
  • Қазақ халқының мәдениеті және тарихына жастардың назарын аудару.
  • Кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында аймақтағы шығармашылық жастардың байланыстарын дамыту.
  • Музей және көрмелік жобаларды танымал ету.
  • Шығармашылық жастар мен заманауи жобалардың өзін-өзі білдіру арқылы музейге назар аударту.

Фестиваль-байқау келесі жас топтары бойынша сыналды:
“12–15 жас”

  1. “Бұлақтар” би ансамблі  №8 ОМ, жетекшілері – Юлия Высочина, Оксана Бондаренко, Светлана  Герасимова
  2. “Айзере” би ансамблі   №23 ОМ, жетекшісі – Анара Сабдинова
  3. “Қуанамын” халықтық би студиясы, көркемдік жетекшісі – Алина Ушакова
  4. “Тенгри” би ансамблі, жетекшісі  – Элла Рахимжанова
  5. “Арман” балалар-жасөспірімдер клубы, жетекшісі – Мария Матвеева
  6. “Бұлақтар” би ансамлі  №2 ОМ, жетекшісі – Юлия Высочина

“16–18 жас”

  1. “Алуа” халықтық би ансамблі, көркемдік жетекшісі – Жанна Темербаева
  2. “Қуанамын” халықтық би студиясы, көркемдік жетекшісі – Алина Ушакова

Әділ – қазылар алқасы байқауға қатысушыларды әділ бағалап, шешім қабылдады:

“12–15 жас” тобы бойынша

  • 1-ші орын ақшалай сыйақы  100 000 теңге – “Қуанамын” халықтық би студиясы
  • 2-ші орын ақшалай сыйақы  80 000 теңге – “Бұлақтар” би ансамблі №8 орта мектеп
  • 3-ші орын ақшалай сыйақы  50 000 теңге – “Айзере” би ансамблі №23 орта мектеп
  • 3-ші орын ақшалай сыйақы  50 000 теңге – “Тенгри” би ансамблі

“16–18 жас” тобы бойынша

  • 1-ші орын ақшалай сыйақы 100 000 теңге – “Алуа” халықтық би ансамблі

Көрермендердің дауыс беруі арқылы «Көрермендер көзайымы» сыйы мен ақшалай сыйақы 30 000 теңгеден тапсырылды:

  • “Арман” балалар-жасөспірімдер клубы
  • “Бұлақтар” би ансамблі №2 орта мектеп

 Жақсылыққызы Айгерим

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабалардан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Сондықтан ата-апамыздың өсіп-өркендеуімізге қосқан үлесі мен еңбегі мол. Мен  қымбатты Ата – апаларымды үлкен сый-құрметпен айта аламын. Менің атам Жұмабеков Жиянша – Ұлы Отан соғысының ардагері, апам Саздыкова Айтжан – Еңбек ардагері. Мен оларды мақтан тұтып, бейбіт өмір сыйлағандарына алғысым шексіз. Сіздерге деген махаббатым жүрегімде мәңгілік сақталады.


Қайыржан Ерасыл Асқарұлы, 9 жас

Қазақ халқының үлкенді сыйлауы,оларға құрмет көрсетуі ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Менің сүйікті де қымбатты аталарым,апаларым Жұмабеков Жиянша, Жұмабекова Дәмежан, Зәкіров Қайыржан,Жұмабекова Қарлығаш. Менің сүйіктілерім соғыс ардагері және еңбек ардагерлері. Олар маған өте қымбат жандар. Мен оларды мақтан тұтып, бейбіт өмір сыйлағандарына алғысым шексіз. Сіздерге деген махаббатым жүрегімде мәңгілік сақталады.


Мұхамедрахимов Берік Серікұлы, 8 жас.

Менің апам – Қыдыралина Сайран Зейнолқызы. Мен апамды қарттар күнімен құттықтаймын.

Менің әжем -  гүл әжем,
Алтын әжем -  нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін
Нағыз әжем – тіл әжем.


Мирас, 5 жас  және Дарина, 8 жас  Мұхамедрахимовтар.

Біздің атам менен апамыз – Жұмұқов Берік Сейтқасымұлы мен Жұмұқова Назгүл Мағұзқызы. Құрметті ата мен апа! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзық өмір тілейміз.

Анам ұрысса – апам бізге араша,
Әкем ұрысса – атам бізге араша.
Немерені жанынан артық көретін
Атам менен апам біздің  - тамаша.


Темержанов Тимур

Мои дорогие родственники! Примите искренние сердечные поздравления с замечательным праздником – Международным днём пожилых людей! На вашу долю выпало много испытаний, но трудности и невзгоды вас не сломили. Вы – надежная опора молодого поколения, дарите нам свою доброту и плоды житейской мудрости. Это вашим упорным трудом и энтузиазмом приумножалась и крепла слава нашей Родины! Наш долг – обеспечить вам достойную жизнь, уверенность в завтрашнем дне и спокойную старость, окружить теплотой и заботой, помочь решить существующие проблемы. Примите слова благодарности и искреннего восхищения вами - нестареющими, добрыми, мудрыми. Пусть преклонные годы не станут поводом для уныния, а жизненных сил хватит надолго!


Ибраев Ильяс

Какимов Муратбек Аубакирович родился 6 сентября 1936 году в Советском районе Северо-Казахстанской области  поселке Шолак-Досжан. Отец Муратбека, Какимов Аубакир (родился 1908 году) воевал во время Великой отечественной войны в составе артиллерийского полка. В июле 1941 он был мобилизован в состав Красной армии, где в начале войны  занимался переброской военных на фронт. После и его самого забрали на фронт, где он служил наводчиком 45-мм артиллерийского орудия. За годы войны он был награжден медалью «За боевые заслуги», тремя орденами: «Красная Звезда», «Красное Знамя», «Отечественная Война 1 степени». Какимов Аубакир героически погиб 30 апреля 1945 года в рукопашном бою за город Неедорф в Германии.

Какимов Муратбек всю жизнь проработал шофером.  Сейчас живет в селе Трудовое Аккайынского района, Северо-Казахстанской области. Вместе с супругой Газизой Валеевной воспитали восмерых детей, дали им достойное образование. Сейчас у них 14 внуков, 3 правнука. В августе месяце 2015 года осуществилась давняя мечта Муратбека – он вместе со своим старшим сыном Кумаром, его женой Зауреш и дочкой Мерей побывали на могиле отца в Германии, на окраине города Берлин.


Пилипенко Валерия, 10 лет


Исмагулов Мадияр, 17 жас

Менің атам – Исмағұлов Халел Смағұлұлы (1920–1996 жж.)
Менің әжем – Исмағұлова Дайшат-бану Мәлікқызы, 1922 жылы туылған.

Бала кездің ең бір тәтті шағы ата-әжеміздің қасында өткен бал күндер  ғой. Қуаныш пен қайғыда бірге болып, балаларына тәрбие беріп өсірген атам мен әжемді мақтан тұтамын.  Атам о дүниеге аттанған кезде, шаңырақтың түтінін түтетіп, талай қиыншылықты көрген жан – әжем  биыл 96-ға келеді. Атама – жатқан жерің жайлы болсын деп, ал әжеме қыстай қатты денсаулық тілегім келеді.


Рахметова Шнар

Рахметов Ақмағамбет Рахмет-ұлы, 22.12.1906–06.04.2001 гг.

Когда судьба Его лишала
Родных и близких навсегда.
Она тогда и не сказала,
Что будет ещё у Него семья.
Войну прошёл, вернувшись ветераном,
Построил дом, и сад вишнёвый за окном.
Семью создал, тем самым «залечив Он раны»,
Восьмерых детей Он стал отцом.
Рахметов – особенный, особен Он во всём.
Он с большой буквы Человек!
Я восхищаться буду Им и вспоминать о Нём.
Сейчас. Всегда. Вовек.


Ибрахим Нұрлан, 16 жас

Мен бақытты жанмын

Бала кездің ең бір тәтті шағы ата-әжеміздің қасында өткен бал күндер ғой. Таңертеңнен асыр салып, доп қуып келген кішкене құлыншақтарын еркелетіп, айналшықтап жүргенде ең ыстық жандар ата-әже екенін сезінеміз. Нағыз тәрбие мектебі де ата- әжеден бастау алады. Өйткені, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық танытудан бастап, отансүйгіштік, кішіпейілділік, бауырмалдық секілді игі қасиеттерге баулып, жақсылыққа үйретуші. Немересінің тәтті қылығына тамсанып отыратын ардақты жандардың орны ерекше.
Менің атам Ерғали, әжем Күлзирә. Мен ата-әжемді тұнып тұрған өнегеліктің үлгісі деп білемін. Жазғы демалысымда ауылға ерекше сағынышпен аттанамын. Үйге жете салысымен ата-әжемді іздеп, олардың нұрлы жүздерінен төгілген сағынышты көргенде шаттанып, кішкене балаша күй кешемін. Атам маған әр сөзінде "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол", - деп айтып отырады. Осы сөздің өзі маған Отан, ел алдындағы жауапкершілігімді сездіреді. Ата-әжемнің санама сіңірген әрбір сөздері мені ақылды ойға жетелейді. Бұл өмірдегі әр нәрсенің орнын айнытпай түсіндірген ата-әжеме алғысым шексіз. Барлық досыма ата-әжеміздің қадірін білейік, аялайық, ақыл-кеңестерін тыңдап, ақылды болайық дегім келеді.


Ульяна Шуман

Тыртышная Любовь Владимировна, учитель математики, педагог по призванию. Любящая жизнь бабушка, оптимистка с прекрасным чувством юмора, опора и поддержка для детей внуков и правнуков. Бабуль, я тебя люблю!



Лыхина Галина Константиновна, наш вечный двигатель, встаёт в 5 утра, с зарядом неиссякаемой энергии на весь день. Нам всем, детям, внукам и правнукам она служит примером для подражания. А ещё у бабы Гали самые вкусные блинчики. Бабуль, я тебя люблю!


 Алишер

 


Сапар Азиза Маратқызы, 8 жас

Менің сүйікті де қымбатты адамым, ол менің әкемнің әкесі Тасбаев Сапар Дюсенұлын үлкен сый – құрметпен айта аламын. Атам маған өте қымбат адам. Менің сүйікті атам еңбек ардагері, әнші, сазгер. Менің сүйікті атам ешқашан қартаймайды,ол филормонияда ән айтады,күй тартады. Бос уақытында менімен қосылып домбыра тартып, ән шырқайды. Домбыра тартуға, ән айтуға үйреткеніне мақтанамын. Менің атам өте мейірімді адам. Мен атамның жолын қуамын, атамның куанышы, мақтанышы боламын. Келешекте мен сіз сияқты күйші,әнші болуға тырысам. Мен сіздің өміріңізді жалғастырамын. Сүйікті де мейірімді ата, сізді мейрамыңызбен шын журектен құттықтаймын. Сізге деген махаббатым жүрегімде мәңгі сақталады.

"Қуырмаш" балалар орталығы.

{gallery}events{/gallery}