“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экскурсия жүргізушісінің бейнеролигі

"Абылай хан резиденциясы" музей кешенінің базасында "СҚО киелі жер картасы" тақырыбында V облыстық музейлер экскурсия жүргізушілерінің байқауы өтті.
Сіздердің назарларыңызға музейдің экскурсия жүргізушісі - Алиасқар Жасұланұлы Набиевтың байқаудың 1-ші турында үй тапсырмасы ретінде көрсетілген бейнеролигін ұсынамыз.

Музейлік онлайн сабақ “Мавзолей Ходжа Ахмет Яссауи”

СҚО V облыстық музейлер экскурсия жүргізушілерінің байқауы

2020 жылдың 23 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы музейлерінің арасында V облыстық экскурсия жүргізушілер байқауы өткізілді. Іс-шараның тақырыбы “СҚО –ның киелі жерлер картасы” ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жасалған Қазақстанның киелі жерлері жобасымен байланысты.

Байқаудың мақсаты: заманауи қоғам мәдениетіндегі музей ісінің мәртебесін , сондай-ақ экскурсия жүргізушінің рөлін көтеру болып табылады.

Байқауға жалпы білім беретін мекемелердің тарихи-өлкетану, мемориалдық, ведомствалық музейлерінен 13 экскурсия жүргізушілері қатысты. Қатысушылар 3 кезең бойынша бақтарын сынады: “СҚО киелі жерлері” онлайн журналы, белгілі топқа киелі нысан бойынша экскурсия жүргізу, “экспромт” кезеңінде эрудицияны, креативтілікті, тапқырлықты көрсету керек болды.

Байқаудың қатысушыларына музейдің онлайн жұмыстары бойынша мастер-класс ұсынылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экскурсия жүргізушісі Нәбиев Алиасқарға берілді.

Бірінші орынды СҚО “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану” орталығының қызметкері Жанат Баймусенов иеленді.

Екінші орынды Есіл және Айыртау аудандарының экскурсия жүргізушілері бөліп алды.

Үшінші орынды Облыстық тарихи-өлкетану және СҚМУ музейлерінің экскурсия жүргізушілері алды. Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет,спорт,және хабарлама қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы “Өз ісіне адал” деп Жамбыл ауданының экскурсия жүргізушісі Кошаева К.Ө. атап өтіп, дипломмен марапаттады.

Музейлік онлайн сабақ “Батыр Қанжығылы Богенбай”

“Есет батыр” музейлік онлайн сабақ