22 ақпан күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Мағжан Жұмабаев ауданының тарихи – өлкетану мұражайы ұйымдастырған “Қолөнер – сырлы өнер” атты көрмемен Петропавл қаласы №42 орта мектептің 9 – сынып оқушыларына танысты.

Этнографиялық жәдігерлер өткен ғасыр адамдарының өмірі мен тұрмысынан көрініс береді. Теріден, сүйектен, тас пен ағаштан жасалған қол диірмен, қобдиша, торсық, салт жасауға арналған кесе және тағы да басқа жәдігерлер ұсынылды. Барлық құнды заттарды Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның тұрғындары сыйға тартты.

21 ақпан “Дарын” мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларына “Батыр –Қожаберген жырау” мұражай сабағы өткізілді.

Балалар музыкант, батыр, әскербасы, ақынның ерліктері мен шығармашылығы жайында білді.

Дәрістен бөлек “Жау жүрек мың бала” кинофильмінен үзінді көрсетіліп, қазақ батырлары қару-жарақтарынан көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстанның тарихына деген махаббат, патриоттық сезім, ұлттық батырлар ерлігіне деген мақтаныш сезімін ұялаттық.

20 ақпан “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде СҚО Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған “Қолөнер – сырлы өнер” жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты болды. Көрмеге өткен ғасырлардағы адамдардың тұрмысы мен өмірі жайында тарихи қызығушылық танытатын 30 -дан астам жәдігер қойылды.

Көрменің мақсаты мен міндеттері:

  • Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында СҚО тұрғындарын М. Жұмабаев ауданы тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлерімен таныстыру.
  • Келушілердің өлке тарихына деген қызығушылығын тудыру.

19 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Дарын” мектеп-лицейінің оқушыларына “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды ұлттық мәдениетке баулып, қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстырып, ұлттық өнерге деген махаббатты бойларына сіңіре отырып, туған өлкенің мәдениетін танып-білуге қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

15 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Дарын” мектеп-лицейінің оқушыларына “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Балаларға қолданбалы өнердің даму кезеңдері түсіндіріліп, қолөнершілердің түрлі жұмыстары көрсетілді. Оқушылар өздерін шығармашылықтары жағынан шыңдады, өздері кілеп тоқып, киімді ою-өрнекпен безендірді.

Қазақ халқының мәдениетін толықтай ашу үшін балаларға қазақтың ұлттық ойындары ұсынылды.