“Қарттарым – асыл қазынам”

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2017 жылдың 18 қазан күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Қарттар күніне орай “Қарттарым – асыл қазынам” атты қайырымдылық іс-шара өткізілді. “Біздің қымбаттыларымыз” науқанына байланысты презентация арқылы қарттарға немерелерінен құттықтау сөздер мен тілектер айтылды. Қайырымдылық іс-шара мұражай залдары бойынша жалпы шолу және “Фараб – Отырар өркениеті” атты көрмені тамашалаумен аяқталды. Іс-шараға облыстық және қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты.