“Тәуелсіз елдің ұланымыз” мұражай сабағы “Абылай хан резиденциясында“ өтті

2017 жылдың 12 желтоқсаны күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты мұражай сабақ өткізілді. Мұражай сабаққа филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жоғарғы мектебінің Еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай, сондай-ақ, қазақ-түрік лицейінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында оқушылар профессордан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды. Сабақ соңында балалар мұражай залдары бойынша экскурсияға өтті