“Ордасы ұлы — Абылайдың”

“Абылай хан резиднциясы” мұражай кешенінің 10-жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы аудандары бойынша “Ордасы ұлы — Абылайдың” атты жылжымалы көрме ұсынылатын болады. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында оның ашылуы өтті. 19 наурызға дейін қонақтар көрмемен таныса алады.

Көрменің ашылуына Қызылжар ауданының әкімі Алма Амангелдіқызы Нұрғалиева, сондай-ақ, Бескөл ауылының тұрғындары қатысты. Ары қарай көрме Булаев ауылына аттанады.