Жастар арасында ұлтжандылықты тәрбиелеу

2018 жылдың 09 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі, Петропавл құрылыс экономикалық колледждерінің бірінші курс студенттері экскурсияға келді.

Балалар 18 ғасырда Қазақ хандығының тарихы, мемлекеттің күшті, тәуелсіз және азат ел атануында Абылай ханның рөлі туралы өз білімдерін кеңейтіп, мұражай экспозициясымен танысты. Жастармен жұмыс жасаудағы басты мақсат өз жерінің тарихы, мәдениеті мен дәстүріне қызығушылық пен құрмет сезімін ұялату болып табылады.

Сондай – ақ, студенттерге Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” жылжымалы көрмесі ұсынылды.