Мұражайда өткен демалыс

2018 жылдың 1 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Петропавл қаласының “Юность” және “Олимп” балалар мен жасөспірімдер клубының оқушылры экскурсияға келді. Сондай-ақ, мұражайға Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим селосынан мектеп оқушылары, Петропавл қаласының ПГК жанындағы лицей оқушылары келді.

“Лига” ЖШС ұсынған “Дамаск болатынан жасалған авторлық суық қару-жарақ” көрмесі балаларға ерекше әсер қалдырды. Көрмеге қойылған өткір жүзді қарулар тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерге де танымал. Сондай-ақ, оқушылар мың қабаттан жасалған дамаск болатын жасау әдісімен танысты.

Әр жүздің өзіндік құпиясы және сиқырлы күші бар. Балаларға Мұхаммед Пайғамбардың Зульфикар қылышы, Мәмлүк қылышы, сондай-ақ, Артур патшаның Экскалибур семсері туралы аңыздар мен әңгімелер қатты ұнады.