“Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты” сабағы

2018 жылдың 16 қарашасы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде мұражай қабырғасындағы тарих сабағы атты жоба бастау алды. Петропавл қаласының №2 орта мектебімен бірлесе отырып “Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты” сабағы жоспарланып өткізілді.

Сабақ барысында тарих пәнінің мұғалімі Құдайберген Алтайұлы Қосақпаев балаларға материалды түсіндірудің жаңа, сондай – ақ, интерактивті әдістерін қолданды. Мұражайдың экспозиция залдары сабақты әсерлі әрі пайдалы өткізуге үлкен мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мұражай мен білім беру мекемелерінің өзара бірлесіп жұмыс жасауы болашақ ұрпақтың білім деңгейі мен сауаттылықтарын арттырады.