Музыкалық сандық

17 қаңтар “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен “Колокольчик” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Музыкалық сандық” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты балаларда өз ұлтының ғана емес, сонымен қатар өз туған өлкеңде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.

Балалар әр түрлі халықтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы өз білімдерін кеңейтті. Сондай-ақ, олар музыкалық жұмбақтарды шешіп, би билеп, ұлттық ойындар ойнады.

Балалар домбыраның шығу тарихы туралы аңызбен танысты. Әуендердің сарынын анықтау мақсатында Н. А. Бейсембинаның орындауында музыкалық композициялар орындалды. Сондай-ақ, Қазақстанда 2018 жылдан тойланатын – Ұлттық домбыра күні мерекесі туралы білді. Іс-шараның қорытынды бөлімінде балаларға домбыра пішініндегі кітапбелгі естелікке сыйланды.