Қала қонақтары

2019 жылдың 8 ақпаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Петропавл қаласына, біліктілікті арттыру курстарына Астана қаласының, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының жедел-криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлері экскурсияға келді. Сондай-ақ, мұражайда Алматы қаласының қонақтары болып қайтты.

Мұражай қонақтары Ұлы Мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы, көреген саясатшы Абылай ханның өмірінің басты оқиғаларымен танысты. Ұлы хан Абылайдың қызметінің арқасында қазақ халқы өзінің ұлттық сана-сезімін, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін сақтап қалды.