Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп интернат-колледжіндегі мұражай сабақ

2019 жылдың 14 ақпаны күні мұражай кешенінің қызметкерлері “Солтүстік Қазақстан облысының киелі картасы” мұражай сабағын өткізді. Іс-шара барысында 7–11 сынып оқушылары облыстың киелі жерлеріне саяхат жасады.

Киелі жерлер балаларды қызықтырды, көптеген сұрақтар қойылды. Нұрбол Болатбекті қазіргі күні Айыртау ауданы, Бірлестік ауылында орналасқан қорғандардың зерттелмегені алаңдатты. Мұражай сабақтың соңында 10б сыныптың оқушысы Ыбырай Еркін “Асыл ана” әнін, мектеп тәрбиешісі Жанипа Сейтказықызы Манбетеева мен 11б сыныптың оқушысы Баскакова Надежда туған жер туралы әндер орындады.