Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!

2019 жылдың 15 наурызы күні №10 орта мектеп жанындағы шағын – орталықтың тәрбиеленушілеріне “Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!” атты мәдени – танымдық бағдарлама өткізілді.

Көңілді Алдар Көсемен бірге балалар тартыс пен сайыстардан өтіп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Сондай – ақ, балалар қазақтың салт – дәстүрлерімен танысып, Қыдыр атадан бата алды.