“Super Star Club” бос уақытты өткізу орталығында “Сиқырлы сандық” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді

2019 жылдың 15 тамыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешені қызметкерлерімен “Super Star Club” бос уақытты өткізу және дамыту орталығының тәрбиеленушілеріне “Сиқырлы сандық” іс-шарасысы өткізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты: тек өз халқының ғана емес, сонымен қатар өңірімізде тұратын басқа халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

Балалар музыкалық жұмбақтарды шешіп, би билеп, ұлттық ойындарды ойнады. Олар әр халықтың музыкалық аспаптары жайында білімдерін кеңейтті.

Сонымен қатар тәрбиеленушілер домбыраның қалай пайда болғаны жайында аңызды тыңдады. Іс-шараның бір ерекше сәті музыкалық композицияларды домбырада ойнау. Сол арқылы балалар әуеннің түрін тауып айтты. Іс-шараны қорытындылай келе естелік ретінде балаларға домбыра пішініндегі белгішелер сыйға берілді.