Сақ мәдениеті

2019 жылдың 21 қыркүйегі Халықаралық суретшілер ассоциациясының мүшесі, өнертанушы-мәдениеттанушы Камила Витальевна Ли “Абылай хан резиденциясы” музей кешінінде “Сақ мәдениеті” атты лекция өткізді. Лекцияға облыстық музей бірлестігінің, Абылай хан музейінің қызметкерлері, СҚМУ студенттері қатысты. Іс-шара “Ботай – Ұлы Даланың мәдениеті” атты халықаралық суретшілер симпозиумы аясында өткізілді.