Жапырақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды

Елімізде жарияланған “Экосағат” экологиялық акциясының аясында “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Жапырақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды” ұранымен, қариялар айлығы мен Жастар жылы шеңберінде, музей алаңында көгалдандырып ағаш отырғызылды. Игі шараға қаламыздың зейнеткерлері мен жас буындары қатысып, 30 астам ағаш отырғызылды.