Shoqany bar el – shoqtyģy biik el

2019 жылғы 01 қараша күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Shoqany bar el – shoqtyģy biik el” Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі көрмесінің ашылуы өтті. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында СҚО тұрғындары мен қонақтарын Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің экспонаттарымен таныстырып, көрнекті қазақ этнографы, саяхатшы, зерттеуші Ш. Уәлиханов пен оның отбасының өмірі мен қызметіне қызығушылық туғызу мақсатында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына қаламыздың қадірлі қонақтары, мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, Петропавл педагогикалық колледжінің студенттері мен Есіл, Тайынша және Ғ. Мүсірепов аудандарының оқушылары тамашалады.