Тұңғыш Президент күніне арналған “Ұлы тұлға”дөңгелек үстелі

2019 жылдың 29 қарашасы “Абылай хан Резиденциясы” музей кешенінде Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қатысушылары: М. Жұмабаев атындағы колледжінің студенттері, сондай-ақ, музей қызметкерлері. Спикерлер: т.ғ.к, “Рухани Жаңғыру” әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Ибраев С. И., Нұр Отан партиясының облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Литфуллин Ф. Х., “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директорының орынбасары Қыдбекова Ә. Е., Абылай хан резиденциясының тарихи-ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Жүнісов Б. Н.

Іс-шара мақсаты: дөңгелек үстел қатысушыларына біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ел ішінде де, одан тыс жерлерде де елдің бейбітшілігі пен келісімін нығайтуға бағытталған жұмыстарымен таныстыру.