2019 жылдың 10 қазан күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Туған жер” жобасы шеңберінде “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Жас өлкетанушылар” үйірмесінің ашылуы өтті. Музей қатысушыларға заттық және рухани құндылықтарды танып, ғылыми тұрғыда нәтижелерін насихаттауға үйретеді. “Жас өлкетанушылар” үйірмесі тарихты, тарихи ескерткіштердің, мәдениеттің қалыптасуына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Жас өлкетанушылар жерлес жазушылардың өмірінен сыр шертетін “Алып тұлғалар” атты жылжымалы көрмесімен танысты.

15.02.2019 жылы Петропавлдың тарихи-көне жерлеріне саяхат жалғасты. Үйірмеге тарихшы, өлкетанушы Дюсенов Серік Атығайұлы шақырылып, ол оқушыларды Қазақстан Конституциясы, Пушкин, Мир көшелерінің тарихымен таныстырды.

07.12.2019 ж. Петропавлдың киелі және тарихи орындарымен үйірменің алғашқы танысу сабағы өтті. Республикалық “Киелі картасына” енген “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінен “бейтаныс” қалаға саяхат жүргізілді. Балалар бірінші театрдың қайда орналасқанын, бекіністің соңғы коменданты қай жерде тұрғанын білді, революцияға дейінгі Петропавлдың білім беру мекемелері орналасқан ғимараттармен танысып, театр алаңы бойынша “саяхатта” көп жаңалықтармен тәнті болды.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Жас өлкетанушы” үйірмесі өз қызметін бастады. №2 орта мектептің 20 астам оқушылары өлкетанушылыққа деген қызығушылықтарын білдірді. Үйірменің алғашқы сабағы 2018 жылғы 31 қаңтарда өтті.

 Өлкетанушылықпен айналысамын деп қызығушылық танытқандарға қош келдіңіздер дейміз!

2018 жылдың 24 қазаны күні екінші оқу жылының «Жас өлкетанушы» үйірмесінің бірінші отырысы өтті. Осы оқу жылының тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облысының киелі орындары».

Cабақта үйірмеге қатысушылар біздің өңірдің киелі орындарына виртуалды түрде сапар шеккен болатын . Биылғы  оқу жылында №2 ОМ оқушыларына №23 мектептен құрдастары қосылды.