2022 жылдың 5 және 12 ақпаны күндері “Жас экскурсовод” үйірмесінің “Шешендік өнер” тақырыбы бойынша кезекті сабағы өтті. Риториканың негіздерін меңгергеннен кейін үйірмеге қатысушылар ең алдымен музей залдары бойынша экскурсияны тыңдады. Тәжірибелі экскурсовод балаларға өз ісінің шеберлігін үйретті. Содан соң балалар практикалық бөлімге көшті, яғни өздері экскурсияны жүргізе бастады

18 желтоқсан күні “Жас экскурсовод” үйірмесінің кезекті сабағы өтті.
Үйірмеге қатысушы балалар “Экскурсоводтың дикциясы” тақырыбын меңгеріп, сонымен қатар “Ағаш тамырымен, адам досымен мықты” атты көрмемен танысты.

11 желтоқсан күні "Жас экскурсовод" үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді. Үйірме қатысушылары экскурсоводтың сөйлеу мәдениетімен, сондай-ақ қару-жарақ экспозициясымен танысты.

Әр сенбі сайын сағат 11:00-де “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Жас экскурсовод” шығармашылық үйірмесі жұмыс істейді. 5–8 сынып оқушыларын сабаққа шақырамыз. Сабақта сіздер өлкенің және еліміздің тарихы жайында қызықты әрі маңызды мәліметтерді біле аласыздар. Қазіргі уақытта №2 мектеп оқушылары Окованцев Вячеслав, Иусов Дмитрий Костенко Максим, Понизович Тимофей үйірмеге қатысып жүр. Балалар музей ісі жайында пайдалы мәліметтерді біліп, өз экспозицияларын құрып, экскурсовод ролін меңгере бастады.