2020 жылдың 17 қаңтар күні қазақ мектеп гимназиясының музейінде “Жас өлкетанушылар” үйірмесі өткізілді. Үйірмеге қатысушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, мектеп тарихымен, құнды зергерлік бұйымдарымен қызықты жәдігерлермен таныстырылды. Қазақтың Ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абайдың 175 жылдығына арналған шығармалар көрмесі ұсынылды. “Жас өлкетанушылар” үйірмесіне көптеген мағлұматтар алып, өлкеміздің тарихына қызығушылық арттырды.

2020 ж. 17.01 жылы “Жас өлкетанушы” үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Үйірмеге қатысушылар Қазақстан Конституция көшесі бойындағы және Ж. Жабаев көшелерінің қиылысындағы орналасқан үйлермен, сол жерлерде тұрған адамдардың тарихымен танысып, облыстық тарихи-өлкетану музейін тамашалап өтті.

 2019 жылғы 19 желтоқсан “Жас өлкетанушы” үйірмесінің қатысушылары ІІД музейінің экспозициясымен танысты. Балалар облысымыздың қорғаныс күштерінің көптеген қыр-сырларымен танысты.

2019 жылғы 26 қарашасында үйірмешілер Петропавл қаласының киелі орындарымен танысуды жалғастырды. Бұл жолы Қызылжар орталық мешіті, Дин-Мухаммад мешіті, Қасиетті православ ғибадатханасы, Иисустың Қасиетті жүрегінің католиктік ғибадатханасы сияқты мәдени нысандармен танысу болды.

2019 жылдың 15-қараша күні облыстық тарихи - өлкетану музейінде “Жас өлкетанушылар” үйірмесі өткізілді. Жас өлкетанушылар музей тарихымен, қызықты жәдігерлермен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, Солтүстік Қазақстан облысының табиғатымен, аң-құстарымен және құнды зергерлік бұйымдарымен таныстырылды. “Жас өлкетанушылар” үйірмесіне қатысушыларға “Асыл мұра” қызметкерлері өңіріміздің жерлес ақын - жазушылармен, елін, жерін қорғаған қаһарман батырлардың ерлігімен таныстырды. Жерлес жазушылардың жазған шежірелерін көрсетіп, талдады. “Жас өлкетанушылар” көптеген мағлұматтар алып, өлкеміздің тарихына қызығушылық арттырды.