Әр сенбі сайын сағат 11:00-де “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Жас экскурсовод” шығармашылық үйірмесі жұмыс істейді. 5–8 сынып оқушыларын сабаққа шақырамыз. Сабақта сіздер өлкенің және еліміздің тарихы жайында қызықты әрі маңызды мәліметтерді біле аласыздар. Қазіргі уақытта №2 мектеп оқушылары Окованцев Вячеслав, Иусов Дмитрий Костенко Максим, Понизович Тимофей үйірмеге қатысып жүр. Балалар музей ісі жайында пайдалы мәліметтерді біліп, өз экспозицияларын құрып, экскурсовод ролін меңгере бастады.