2018 жылдың 05 желтоқсаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне “Алпамыс” балабақшасының тәрбиеленушілері экскурсияға келді. Патриоттық тәрбие – кішкентай азаматтардың ең негізгі тәрбиелерінің бірі.

Өз туған өлкеңе, еліңе деген махаббат сезімін қалыптастыруда мұражай қабырғасындағы қазақ халқының тарихы мен дәстүрін тану тиімді болып келеді. Экскурсия барысында балалар тек тыңдаушылар мен көрермен ғана емес, сондай-ақ, эмоционалды қатысушы болды. Балалар мұражай экспозициясымен қызыға танысып, туған жердің мәдениеті, тұрмысы, тарихынан кеңірек мәлімет алды.