2018 жылдың 7 желтоқсаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Ресейдің Волгоград, Түмен қалаларынан, сондай-ақ, Қарағанды және Көкшетау қалаларынан мектеп оқушылары экскурсияға келді. Оқушылар Петропавл қаласына Қазақстан мен Ресейдің балалар ұйымдары көшбасщыларының Халықаралық кездесуінің қатысушылары ретінде келді.

2018 жылдың 06 желтоқсаны күні “Адал мекен” сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің акциясы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Ісіңе адал бол!” антикоррупциялық тақырыпқа жаппай құқықтық білім беру іс-шарасы өткізілді.

Жаппай құқықтық білім беру іс-шарасы барысында жемқорлықтың шығу түрлері, мемлекеттік қызмет жүйесіне тигізер залалы туралы сұрақтар талқыланды.

2018 жылдың 05 желтоқсаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне “Алпамыс” балабақшасының тәрбиеленушілері экскурсияға келді. Патриоттық тәрбие – кішкентай азаматтардың ең негізгі тәрбиелерінің бірі.

Өз туған өлкеңе, еліңе деген махаббат сезімін қалыптастыруда мұражай қабырғасындағы қазақ халқының тарихы мен дәстүрін тану тиімді болып келеді. Экскурсия барысында балалар тек тыңдаушылар мен көрермен ғана емес, сондай-ақ, эмоционалды қатысушы болды. Балалар мұражай экспозициясымен қызыға танысып, туған жердің мәдениеті, тұрмысы, тарихынан кеңірек мәлімет алды.

2018 жылдың 28 қараша күні 11:00 де “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай “Ұлы тұлға” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға қала студенттері мен оқушылары қатысты. Баяндама оқығандар: СҚМУ-дің оқытушылары Б. С. Қожабекова, А. С. Жакежанова, №2 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. А. Коспакбаев, сонымен қатар СҚМУ-дің II курс студенті Баширов Абай.

Іс-шара барысында Елбасының саясаты мен идеясы, ел дамуының жоспары, ел тарихы дамуында Президенттің алатын орны талқыланды.

2018 жылдың 27 қарашасы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері С. Радонежский құрметіндегі жеке меншік мектептің оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өткізді. Іс-шара оқушылардың бойына қазақстандық патриотизмді тәрбилеуге, еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірімен тереңірек таныстыруға бағытталған.