2018 жылдың 28 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Аққайың ауданының Ленинский орта мектебінің оқушылары, сондай-ай, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттері экскурсияға келді.

Балалар қазақ халқын біріктіруші, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның өміріне қатысты оқиғалармен танысты.

Сондай-ай, балаларға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” атты жылжымалы көрмесі ұсынылды.

Жас ұрпақпен жұмыс жасау кезіндегі негізгі мақсаты балаларға өз жеріне, өлкесіне, оның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүріне, өз Отанына деген махаббат, құрметі анық көрінетін шынайы ұлтжандылық сезімін тәрбиелеу болып табылады.

27 қыркүйек күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Аққайың” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Іс-шара барысында балалар сәндік-қолданбалы өнердің үлгілері және түрлерімен танысты. Балалар қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарымен танысып, өздері де кілем тікті. Сондай-ақ, ою-өрнек түрлерін біліп, ұл бала мен қыз баланың ұлттық киімдерін оюмен безендіруді үйренді. Естелікке балабақша тәрбиеленушілері ұлттық оюдың бояу қағазын алды.

27 қыркүйек күні 23 орта мектебінде “Құндылықтар қайнары” атты мұражайлық сабақ өткізілді. Мұражайлық сабақ барысында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті жайлы әңгімеленді. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері, үй-жайын, ұлттық ойындарын, дәстүрлерін (киіз үйдің макетін, этнографиялық жәдігерлерді, қазақ халқының киімдерін, ыдыс-аяқтарын қолданып) кең көлемді мағлұмат берілді.

2018 жылдың 27 қыркүйегі күні Бүкіләлемдік туризм күні аясында “СҚО нашар көтеріндердің қазақ қоғамы” Қоғамдық бірлестігінің өкілдері, мемлекеттік қызмет мамандары, студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары “Қазақстанның Киелі орындар картасына” енген “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне келді.

 

2018 жылдың 26 қыркүйегі күні Мемлекеттік “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Петропавл гуманитарлық колледжі, машина жасау колледждерінің бірінші курс студенттеріне, сондай-ақ, №23 орта мектептің оқушыларына экскурсия өткізілді. Балаларға мұражай экспозициясы және Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық” атты жылжымалы көрмесі ұсынылды. Оқушыларға мұражайдың алтын қоры болып саналатын түпнұсқа жәдігерлер: Ыбырай Алтынсарин негізін салған мектеп кірпіші, атасы Шеген бидің шапаны, Алтынсарин “Шариғатул-Ислам” кітабы аса қызығушылық тудырды.