25.01.2019 ж. Солтүстік Қазақстан облысының жасөспірімдерге арналған адаптациялық орталығында “Ғасырлардан мектепке” атты мұражайлық сабақ өтті.

XVI ғасырда оқушылар Көне Грецияға, Ресейге саяхаттады. Қазақстан XVIII ғасырда өздерімен жасты оқушылардың қалай оқығандарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өздері де сол ғасырдағы мектептерде оқығандай әсер алады.

22 және 25 қаңтар күндері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Балауса” және “Арай” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Сиқырлы сандық” және “Музыкальный сундучок” атты мәдени-танымдық бағдарламасын өткізді.

Балаларға туған өлкенің дәстүрін, тарихы мен мәдениетін бойға сіңіре отыра, қызметкерлер балаларда рухани құндылықтарын, сондай-ақ, шынайы патриоттылықты қалыптастырады.

18 қаңтар “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен “Ласточка” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Музыкалық сандық” атты мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді.

17 қаңтар “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен “Колокольчик” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Музыкалық сандық” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты балаларда өз ұлтының ғана емес, сонымен қатар өз туған өлкеңде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.

Балалар әр түрлі халықтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы өз білімдерін кеңейтті. Сондай-ақ, олар музыкалық жұмбақтарды шешіп, би билеп, ұлттық ойындар ойнады.

Балалар домбыраның шығу тарихы туралы аңызбен танысты. Әуендердің сарынын анықтау мақсатында Н. А. Бейсембинаның орындауында музыкалық композициялар орындалды. Сондай-ақ, Қазақстанда 2018 жылдан тойланатын – Ұлттық домбыра күні мерекесі туралы білді. Іс-шараның қорытынды бөлімінде балаларға домбыра пішініндегі кітапбелгі естелікке сыйланды.

2018 жылдың 15 желтоқсан күні “Абылай хан резиденциясында” Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының төрағасының орынбасары К. Т. Мұқышевтың қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында Кеңес Таңатарұлы мұражайдың қызметкерлеріне партиялық билеттерді табыстады.