26 наурыз күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне СҚМУ жоғарғы медицина мектебі факультетінде оқитын Үндістаннан келген шетелдік студенттер экскурсияға келді.

Болашақ дәрігерлер 18 ғасырдағы қазақ халқының бірігуінде Абылай ханның алатын орны мен рөлі туралы танысты.

19 марта 2019 года сотрудниками музейного комплекса “Резиденция Абылай хана” была проведена культурно-образовательная программа “Наурыз құтты болсын!” для воспитанников детского сада “Ласточка”.

2019 жылдың 18 наурыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Наурыз мейрамиын қарсаңында көпбалалы отбасыларға арналған интерактивті шара ұйымдастырылып. Балаларға ұлттық ойындар жүргізіліп, ұлттық мерекелі дастарқан жайылды. Шараға үш отбасы қатысты. Аналарға мекеме басшылығының аттынан құттықтау хаттары сыйланды.

2019 жылдың 15 наурызы күні №10 орта мектеп жанындағы шағын – орталықтың тәрбиеленушілеріне “Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!” атты мәдени – танымдық бағдарлама өткізілді.

Көңілді Алдар Көсемен бірге балалар тартыс пен сайыстардан өтіп, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Сондай – ақ, балалар қазақтың салт – дәстүрлерімен танысып, Қыдыр атадан бата алды.

Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 15 наурыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты С. Ы. Ыбыраевтың қатысуымен “Дала өркениеті” тақырыбында дәріс оқылды. Шараға Медицина колледжінің екінші курс студенттері қатысып, дәріс музей залдары бойынша экскурсия тыңдаумен жалғасын тапты.