Наурыз мерекесі қарсаңында

4 наурыздан бастап Наурыз мерекесін тойлау аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде ұлттық киім апталығы өткізіледі.

Мереке қарсаңында мұражай қызметкерлері қазақтың ұлттық киімінде экскурсия жүргізеді. Мұражай экспозициясымен ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының курсанттары, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы білім беру саласының қызметкерлері танысты.