Дәріс “СҚО киелі жерлер картасы”. Лекция “Сакральная карта СКО”

“СҚО киелі жерлер картасы”

Жас солтүстікқазақстандықтардың киелі жерлер бойынша “саяхаты” 2020 жылғы 30 қаңтар күні №44 ора мектепте 9 – 11 сыныптардың қатысуымен жалғасын тапты. “Солтүстік Қазақстан киелі жерлер картасы” бойынша ақпарат беруде музей қызметкерлері киелі жерлердің 33 нысандарымен таныстырды.

“Қазақстанның киелі жерлері картасы”

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында №17 орта мектеп оқушыларына “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде “Қазақстанның киелі жерлері картасы” атты мұражай сабағы өтті. Мұражай сабақтан кейін балалар мұражай экспозициясы мен “Фараб – Отырар өркениеті” тақырыптық көрмесін тамашалады.