2017 жылғы 12 маусым күні «Туған жер» бағдарламасы төңірегінде халық өнерін насихаттауға арналған «Мен қазақпын» атты республикалық дәстүрлі ән, терме және күй мега-жобасы байқауының қатысушыларымен мұражай кешенінің алаңында театрландырылған қойылым өтті. Шара мұражай залдарымен танысумен жалғасын тапты.
Жобаның мақсаты: еліміздің үпкір-түпкірлеріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу мақсатында атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз-күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашылдандырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.