2020 ж. 30.10. “Абылай хан резиденциясы” музей кешені қарияларға арналған айлық аясында сіздердің назарларыңызға бейнеролик ұсынады. “Қариясы бар ел – қазыналы ел” демекші, біз, өскелең ұрпақ аяулы да ардақты қарттарымызды құрметтеп, сыйлауымыз қажет. Олар өткен мен қазіргі уақытты көпір іспеттес қосып отырған тұлғалар. Қарты бар үй – бақытты үй. Бағалай білейік!