2019 жылдың 2 қазан күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлерімен №44 орта мектептің оқушыларына “Кигіз үйге қош келдіңіз!” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді. Қазіргі уақытта кигіз үй қазақ халқының ерекше музейі болып табылады. Балалар кигіз үйді құрайтын бөліктерді, оның ішкі безендірілуін оқып, үйренді. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бұрынғы заманнан сақталып келе жатқан, көне заттардан құралған шағын көрме көрсетілді.

27 қыркүйек сағат 11:00 де “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге еңбек ардагерлері, №43, №32 мектеп оқушылары, қала тұрғындары, Қазақстан суретшілері қатысты. Қатысушылар саны 90 адам. Көрмеде біздің көрнекті жазушыларымыз С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, И. Шуховтың жеке заттары көрсетілген. Жазушылардың әдеби шығармалары, қолжазбалары қойылған. Көрме 11 қазанға дейін жұмыс істейді.

2019 жылдың 25 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне «Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат” кешені» КММ экскурсияға келді. Балалар 18 ғасырдан көптеген қызықты мәліметтер біліп, Абылай ханның тұлғасымен жақынырақ танысты, сондай-ақ, қазақ халқының этнографиясы жайлы білді.

2019 жылдың 25 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері “Адон-Север” тәрбиеленушілеріне “XVIII ғасырдағы қазақ батырының қару-жарағы” атты мәдени- танымдық бағдарлама өткізді. Балалар батырлар мен дәстүрлі қарулар туралы, сондай-ақ, қару-жарақтың барлық кешенімен танысты.

2019 жылдың 21 қыркүйегі Халықаралық суретшілер ассоциациясының мүшесі, өнертанушы-мәдениеттанушы Камила Витальевна Ли “Абылай хан резиденциясы” музей кешінінде “Сақ мәдениеті” атты лекция өткізді. Лекцияға облыстық музей бірлестігінің, Абылай хан музейінің қызметкерлері, СҚМУ студенттері қатысты. Іс-шара “Ботай – Ұлы Даланың мәдениеті” атты халықаралық суретшілер симпозиумы аясында өткізілді.