27 желтоқсан күні Абылай хан резиденциясында ОО “Адан-Север” мүмкіндіктері шектеулі тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық “Ертегілер әлеміне саяхат” мерекелік іс- шара өткізілді.

Мұражай қызметкерлері музыкалық көріністер,мейірімділік зұлымдықты жеңетінін көрсетті. Балалар ертегі кейіпкерлеріне қызығушылықпен ойындарға, конкурстаға, Аяз атамен, Ақшақармен шыршаны айналып биледі. 2018 жыл – ит жылы жақсы көңіл – күй, мейірімділік сыйлайтына риза болды.

В преддверии Дня Независимости Республики Казахстан проведены музейные уроки “Тәуелсіз елдің ұланымыз” для учащихся средней школы №10, воспитанников детского сада “Снежинка”.

2017 жылдың 13 желтоқсаны күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Нұр бала” балабақшасының тәрбиеленушілеріне ҚР Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты мұражай сабақ өткізді.

2017 жылдың 12 желтоқсаны күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты мұражай сабақ өткізілді. Мұражай сабаққа филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жоғарғы мектебінің Еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай, сондай-ақ, қазақ-түрік лицейінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында оқушылар профессордан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды. Сабақ соңында балалар мұражай залдары бойынша экскурсияға өтті

Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Жас экскурсия жүргізушілері үйірмесінің қатысушылары арасында “Тарих сырын шерте отыра” байқауы өтті. Үйірмеге қатысушылар 2 жыл ішінде қаламыздың барлық дерлік мұражайларына барып, Петропавл қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты. Экскурсия жүргізуші маманының қызықты да танымдық жақтарын айқын танып, материалды көрермендерге дұрыс жеткізу техникасын үйренді.

Байқаудың бірінші турында әр қатысушы өзінің “Визит карточкасын” ұсынды. Екінші кезең 2 тапсырмадан құралды: бірінші тапсырма – қазақ халқының әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін көрсету. Екінші тапсырма – “Шапшаң”, бұл кезеңде қатысушылар өздерінің зеректіліктерін тосыннан берген тапсырма – қонақтарға Петропавл қаласы бойынша шағын экскурсия жүргізу арқылы көрсетті.

“Тарих сырын шерте отыра...” Жас экскурсия жүргізушісі байқауының жеңімпаздары:
I орын – Әшімова Меруерт С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы
II орын – Наргузина Жанна № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
III орын – Құрманғалиев Мирас №2 орта мектеп
“Көрермендер көзайымы” – Мұрзахметова Жансая №2 орта мектеп