2017 жылғы 14 қараша 11:00 де Абылай хан резиденциясы мұражай кешенінде Елбасы – ел мақтанышы атты мемлекеттік Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған көрменің ашылуы өтті. Алғашқылар болып №13 орта мектептің оқушылары қатысты.

“Елбасы – ел мақтанышы атты жаңа көрме көрермендерге еліміздің тұғыры мен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны жайында да сыр шертеді.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында №17 орта мектеп оқушыларына “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде “Қазақстанның киелі жерлері картасы” атты мұражай сабағы өтті. Мұражай сабақтан кейін балалар мұражай экспозициясы мен “Фараб – Отырар өркениеті” тақырыптық көрмесін тамашалады.

2017 жылғы 08 қараша күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасының шеңберінде ұсынылып отырған 100esim.el.kz. сйтында “Қазақстанның 100жаңа есімдеріне” қатысушыларға дауыс беруге жапай қатысты.

Дельфий ойындары біздің өңірімізде алғашқы рет және биылғы жылы ойын “Өнерім – рухани қазынам” атты ұранмен өткізіліп отыр. Тарихи және мәдени ошақтарын, көрікті орындармен танысу шеңберінде ойынға қатысушылар “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенін тамашалады.

2017 жылғы 27 қазан “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенімен бірлесіп “Нұр отан” партиясы қарамағындағы “Жас Отан” жастар қанаты жастар саясаты басқармасының қолдауымен, гуманитарлы-техникалық колледж, СҚМУ студенттері, ”Мұнаймаш“ зауыты жастар өкілдері мен СҚМУ кәсіподақ ұйымдарының студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде өтті. Кездесуге қатысушыларға мұражай залдары бойынша жалпы экскурсиялар ұсынылып, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын талқылау бойынша конференция өткізілді.