Бұқар жыраудың 330-жылдығына арналған қалалық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы
2023 жылдың 10 наурызы
“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Бұқар жыраудың 330-жылдығына арналған “Жыр жолынан саздың ұғып мұратын” атты қалалық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. 1 кезең: 1–20 ақпан аралығында. Байқаудың талабы: Бұқар жыраудың мектеп бағдарламасына енбеген шығармасын таңдап,жатқа оқу. Жатқа оқыған өлеңін бейнероликке түсіріп,музей поштасына жіберу болатын. 30- дан аса өтінім келіп түсті. Сол жұмыстың ішінен 12 үздік жұмыс әділқазы алқасымен іріктеліп алынды. Әділқазы алқасының құрамы: Садаев Аян Нәбиұлы — “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің директоры, Көкбас Жазира — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі, “Абайтану” ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері және Тұяқова Фарида Мұқатайқызы — СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы.
Байқаудың 2 кезеңі, яғни қорытындысы 10 наурыз күні музейде өтті.
Байқау нәтижесі төмендегідей:
Наминанттар:
1. “Ең жас қатысушы” аталымында Әміреқұл Жасмина. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 4 сынып оқушысы.
2. “Креативті қатысушы” аталымында Хабыл Нұрсыйла. Ә. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы.
3.“Үздік поэзия шебері” аталымында Рамазанов Виктор. Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы.
4. “Актерлік шеберлік” аталымында Мұхаметжан Әмір. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы
5. "Көрермен көзайымы" аталымында Жумаканова Айым. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы
6. “Көрермен көзайымы” аталымында Қайдар Абылайхан. М. Жұмабаев атындағы IT мектеп лицейінің 5 сынып оқушысы марапатталды
Жүлделі орындар:
3 дәрежелі дипломдармен:
1.Қамит Биайым. Назарбаев зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы
2.Бақыткерей Ерасыл. С.Шаймерденов атындағы классикалық-гимназиясының 5 сынып оқушысы
3.Сайран Аманат. Ж. Ташенов атындағы №20 орта мектептің 5 сынып оқушысы марапатталды.
2 дәрежелі дипломдармен:
1. Уринбекова Жансая. Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы
2.Калыков Адильхан. Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы марапатталды.
1 дәрежелі дипломмен:
Ержан Әкежан.
Ә. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 7 сынып оқушысы марапатталды.
Байқауға қатысқан оқушыларға және жетекшілерге сертификаттар табысталды.
Онлайн-экскурсия
2020 жылдың 20 тамызы күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешені Instagram парақшасының тікелей эфирінде алғашқы рет онлайн-экскурсия ұйымдастырды. Көрермендер Петропавл қаласының №20 орта мектебінің оқушылары. Оқушылар үйде отырып музейдің залдарын тамашалап, экспозициямен танысты.
Жаңа технологиялардың арқасында қолжетімді формада музейді басқа қырынан көрсету мүмкіндігі туады, сондай-ақ көрермендердің жәдігерлерге деген жаңа тынысын ашады.
Алдағы уақытта осындай онлайн-экскурсия форматының үнемі жүріп отыруы жоспарлануда.
Мұражайға сый
Абылай хан резиденциясы мұражай кешені “Мұражайға сый” науқанын жалғастырады. Сіздерді мұражайды тамашалауға шақырамыз. Және өз өлкеміздің тарихы мен мәждениетін танып-білуде құнды болатын сыйды қабылдаймыз.
Науқанның негізгі мақсаты қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару болып табылады. Қабылданған сыйлар қазыргі нақты заңнамаға сәйкес Абылай хан резиденциясының қорына беріледі.
Барлық сыйлаушыларға сыйға тартқан барлық заттар үшін ресми құжаттар беріліп, алғыс хаттар мен кіру билеттеріне ие бола алады.