Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған

  

Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың мұрасы» мақала

                                                                                                                                                                                                                   Алыстан Алаш десе аттанамын,

                                                                                                                                                                                                                   Қазақты қазақ десе мақтанамын.

                                                                                                                                                                                                                   Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -

                                                                                                                                                                                                                   Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!

     Міржақып Дулатовтың — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.

    Міржақып Дулатұлы 1885 жыл 25 қарашада қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты «Қызбел» ауылы дүниеге келген. Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

      Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

       Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды., «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріледі.

      Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірi — ұстаз, бiрi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

     Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шықты. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болды. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келді, ол тергеу органдарының бақылауына алынды, артынша «Оян, қазақ!» кәмпескеленді. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады.

      Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бастап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.

     1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңін, бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Жарияланымдарының арқасында ол жандармериялық полицияның бақылауына және патша күзетінің назарына түседі. Қара тізімге енгеннен кейін ол қалада ұзақ уақыт жұмысқа тұра алмайды. Ал 1911 жылы ол Семей қаласында «Жұмбақ» өлеңі үшін қамауға алынды.

     Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.

     Міржақып қаламынан туған көркем де күрделі туынды — «Алашқа» өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.

     Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде кейбір зерттеушілердің пайымдауынша көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады. «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.

    Міржақып Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға берді.1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі.

     ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тәртібіне шығарған және қазақ зиялыларының еркін пікір алаңына айналған. «Қазақ» газеті жарық көре бастағаннан бастап оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлының орынбасары қызметінде Міржақып Дулатұлы болды. 

    Онымен Міржақып Қызылжарда сот кеңесінде тілмәштық қызмет атқарып, мұғалімдік қызметін де жалғастырады, қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алады.1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе «Айқап» журналына үзбей жазып тұрады. Ел тұрмысын өз көзімен көріп-білу ниетімен 1911 жылы қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай сапарға шығады. Патша тыңшыларының қатты аңдуына алынған Дулатұлы мұнда полицияның қолына түседі де, бір жарым жыл қамауда отырады. 1912 жылы Орынборға келіп, осындағы аз ғана топ қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен, баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарды. А.Байтұрсынұлымен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылым – «Қазақ» газетінің негізін қалайды (1913–1918). Алаш басшыларымен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауды көздеген ол аз уақыт «Ақ жол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған.

     1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipге «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ бұл әділетсіздік ұзаққа созылмай, Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады. 1922–1926 жж. Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Ұстаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі кезеңде екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. «Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. 1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылды. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipгe қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы қазанның 5-і күні Ақ теңіз – Балтық каналының бойындағы Сосновец стансасында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады.

    1988 жылғы қазанның 27-сі күні Республика Жоғарғы Сотының коллегиясы сол жылғы қарашаның төртінде оның ардақты есімін біржола ақтады.

    XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып шығармалары халқымен қайта қауышты. Оның атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар, ескерткіш орнатылған.

 

 

«Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің

тарих бөлімі маманы

магистрант Ф.Нургалиева

 

Жалел Қизатов 105 жыл

 

 

Zalel Kizatov  105 zyl 1 bet

Zalel Kizatov  105 zyl 2 bet

Zalel Kizatov  105 zyl 3 bet

Zalel Kizatov  105 zyl 4 bet

Zalel Kizatov  105 zyl 5 bet

Zalel Kizatov  105 zyl 6 bet

 

Ұлы Дала тарихындағы ана рөлі

 Ұлы Дала тарихындағы ана рөлі

      Қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен ерлігімен, асқан парасатымен, даналығымен, шексіз шыдамдылығымен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына игі ісімен сіңіре білген әйел-аналар  аз емес. [1]

    Тарих беттерін ақтарып қарасаңыз, Ұлы дала төсіндегі еркіндікті аңсаған ата-бабаларымыздың тарихнамасында қаншама аналарымыз ел билігін қолына алып, халықтың тағдырын шешуге септігін тигізіп, тіптен бір ұлтты жоғалып кетуден сақтап қалып отырған игі істерінің талайына куә боласыз. Бес мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өмірінде әйелдердің рөлі аса зор маңызға ие болғаны айқын. 

    Сонау сақ дәуірінен бастау алатын аналардың анасы болған, барша халықтың Құдай-Тәңірісіне айналған Ұмай анадан бастап, тұтастай бір мемлекетті билеген Томирис, Зарина патшайымдарымыз, бір елдің ұлыс анасы мен ұлт мәйегі болған Домалақ ана, ғашықтықтың символына баланып, өз ғашығы үшін сертінен таймаған Айша бибі, жасы келсе де әжелік-аналық міндетін ұлт ұрпағы үшін аямай жұмсап, өмірден өткен Бабаджа хатун, сүйкімділігі мен сұлулығы ел арасында ерекше жырланып, Баршынкент деген қалаға есімі берілген Баршын хатун, аналық қасиетімен толықтай бір тайпаның анасы болып, есімі руға айналған Қызай ана, Қазақ хандығы кезіндегі тапқырлығымен, ақылдылығымен ел есінде аңыз болып қалған Қарашаш ана, ел басына күн туғанда қолына найза-қалқан алып жауға шапқан Бопай ханша, орыс тұтқынында болса да бас имеген, өз ұлтының ар-намысын жоғары қойған атақты хан Кенесарының жұбайы Күнімжан ханша,  бiраз жыл аға сұлтандық қызмет атқарған, атақты ғалым Шоқанның әжесі Айғаным ханша, өз дәуірінде бір болысты жалғыз өзі игеріп, дау-дамайды шешумен аты шыққан Ұлпан ана, халықтың құрметіне бөленген, он саусағынан өнері тамған күйші Дина секілді аналарымыз – бүтіндей бір рудың ғана емес, білдей бір елдің ұлы анасына айналып, қазақ әйелінің тұлғасы мен оның асқақ рухын әйгілей білген тұлғалар. [1]

     Әйел бейнесінің түркілер мифологиясында көрініс табуы қасиетті Ұмай анамен тығыз байланысты. Ұмай ана ертедегі түркілер мифологиясында әлемдегі әйел-ана мен Жер-ананы бейнелейтін әрі тұқым өндіретін және бала тудыратын әйел тәңірісі бастауын бейнелеуші құдай-әйел ретінде өнімділік пен бала туу құдайы болып есептелген. Бұл жөнінде алғаш рет жазба деректерде Ұмай аты түркі халқы мен әскерлеріне жеңіс әкелуші және мейірімділік пен тұрақтылық сыйлаушы әйел-құдай есімі түрінде орта ғасырдағы Күлтегін мен Тоныкөктің балбал тастарында қашалып жазылған.       Міне, бастауын сонау мыңжылдықтардың мінсіз мұрағатынан алатын әйелге деген шексіз құрметтілік оларды Құдай-Тәңірісі дәрежесіне дейін көтерді. Осының арқасында байырғы қазақ қоғамында қазақ әйелдерінің әлеуметтік еркіндігі де кең дәрежеде дамыды. 

      Сан ғасырдан бері қалыптасып келе жатқан қазақтың рухани жан дүниесіндегі ерекше қасиеттерінің бірі – анаға деген шексіз құрмет көрсету тәрбиесі еді. Мұны ананың қоғамдағы ерекше орны мен сипатын бағалай білген ұлтымыздың ешкімге ұқсамас бірегей қасиеті деп ұғынған жөн.       Қазақ хандығының тарихында есімдері мәңгі халық жадында сақталған Әбілқайыр Ханның әйелі - Рабия Сұлтан Бегім, Қасым ханның анасы  – Жахан Бегім, Тәуке ханның анасы – Жақсымбике, Салқам Жәңгір ханның әйелі – Бану ханым, Әбілқайыр ханның әйелі – Бопай ханым, Шоқан Уәлихановтың әжесі – Айғаным ханым, Кенесары ханның анасы – Айкүміс ханым – Ұлы Даланың үлгілі аналары. [2] Өз ұлдарын халықтың рухани байлығын қанына сіндіріп, өз ұлдары емес ұлт ұлдары ретінде тәрбиелеген көреген аналар. Бастысы ел болашағы ұрпағының қолына екенін түсініп, олардың еліне адал, халқына қамқор болуы үшін аянбаған. Ауыздан ауызға жеткен батырлар жырын дәріптеп,  тарихи тұлғарлар жайлы жыр-дастандармен өсірген.

      Рухани тәрбиенің бастауы анадан бастау алады. Қазақ шаңырағында бала тәрбиесі ұлттық құндылықтар мен еңбек тәрбиесі арқылы жүзеге асқан. Балаларға аңыз-ертегілер, жыр-дастандар айтудың да маңызы орасан. Ұланғайыр қазақ жерін аман сақтап қалуда бабалар ерлігімен қатар осындай батыр ұрпақ тәрбиелеген аналар тәрбиесінің ықпалы зор болғаны анық. Міне, Ұлы дала аруларының өмірбаяны нағыз шыншылдық пен адалдыққа тұнып тұрғанына еріксіз бас иесің. 

     Тарихшы, профессор Берекет Кәрібаев ағамыз өзінің «Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар» атты мақаласында: «Өзгермеген, өшпеген бірнеше құнды қасиеттер халқымыздың бойында мәңгі сақталып қалды. Олардың біріне әрі бірегейіне – руханилық тұрғыдан алғанда, Анаға деген құрмет жатты. Анаға деген құрмет қазақ халқының тарихында мемлекеттілік тарихымен, қазақ халқының этногенезімен, халқымыздың мәдениетімен, рухани өмірімен қатар дамып, біте қайнасып келеді. Оның ежелгі замандардағы көрінісін бүкіл түрік тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңірісі болып саналған Ұмай анаға деген табынуынан көрсек, мың жылдан астам уақытқа созылған орта ғасырларда, әсіресе оның ислам дәуірі кезеңінде «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» және осындай сипаттағы қағидалар арқылы берік орнығады», – деп тамаша жеткізген еді. [2]

    Ұлттық құндылықтар туралы әңгіме қозғалғанда отбасы тәрбиесі алдыңғы орынға шығады. «Еркек ерді тәрбиелейді, әйел елді тәрбиелейді», – демекші, аналар  – ұлт тәрбиешісі. Бұл – мәңгі қағида.

    Сол себепті көнеден келе жатқан қанымызға сіңген мызғымаз дәстүр қайнары ретінде анаға деген сыйластық әрқашанда ұлт тәрбиесіндегі алғышарты болып сақталуы тиіс. 

            

  «Абылай хан резиденциясы» музей  кешенінің тарих

бөлімі меңгерушісі

 А.Н.Хаймолдина

 

                                                                                                                                                                        Қолданылған әдебиет:

                                                                                          1.Ұлы даланың дана аналары\\Қазалы.Қоғам.Серік Ақмырза.07.наурыз 2023ж.

                                                                                         2. Ұлы даланың ұлы аналары\\ Мәдениет және тарих. Асылжан Шайдилдаев, 04 қараша 2020ж.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған мақала

Өмірлік құнын берген ерлік Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған мақала

    Ұлы Отан соғысының тарихы батыл кеңес адамдары жасаған миллиондаған ерліктерден тұрады. Олар 4 жыл бойы майданда да, тылда да Жеңіске қол жеткізді. Туған жерін, мұратын, шаңырағын қорғауға тура келген сәттерде олар өздерін аямады. Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының есімдері жазылған тізімде қазақстандық екі қыз – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова туралы да мәліметтер бар.

    Әлия Молдағұлованың ерлігі оған қаншалықты тән болғанын толық түсіну үшін оның өмірбаянына қысқаша тоқталып өткен жөн.

    Қыздың туған жері Ақтөбе облысының Хобдин ауданына қарасты Бұлақ ауылы. Дәл осы жерде 1925 жылы 15 шілдеде қыз дүниеге келген. Ол 8 жаста болғанда анасы қайтыс болып, әкесі екі баласымен жалғыз қалды. Ол кездер өте қиын болды, ол қызын өсіру үшін әжесіне беруге мәжбүр болды. Сөйтіп, Әлия нағашысының отбасында болып, балалық шағы құрдасы Сапурамен бірге өтті. 1935 жылы Молдағұловтар отбасы Мәскеуге, одан сәл кейінірек, соғыс басталардан біраз уақыт бұрын Санкт-Петербургке қоныс аударады. Отбасылық жағдайға байланысты ағай қызды No46 қалалық балалар үйіне орналастырады. Ленинград қоршауында Әлия Молдағұлова достарымен бірге ауруханаларға барған. Оның қол жеткізген ерлігінің тамыры сонау алыс жылдардан бастау алады. Әлияның әскери жолы 1942 жылы 1 қазанда қыз Рыбинск авиациялық техникумының студенті атанады. Ол ұшуды мүмкіндігінше тезірек бастағысы келді, бірақ үйренуге тым көп уақыт кетті. Сөйтіп, шыдамы таусылып, Әлия военкоматқа өтініш түсіреді.Онда Қызыл Армия қатарына қабылдау туралы өтініш жазылған. 1942 жылы 21 желтоқсанда Әлия мергендер мектебінің студенті болып, 1943 жылы 23 ақпанда әскери ант қабылдады. Оқуды аяқтағаннан кейін курсанттарға сабақ беру үшін қызды мектепте қалдыру туралы шешім қабылданды. Бірақ ол әлі де мақсатына жетіп, майданға аттанды. 1944 жылы 14 қаңтарда ерлігі миллиондаған адамның жадында қалған Әлия Молдағұлова Насва вокзалын қорғау кезінде қаза тапты. Біраз уақыттан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

    Әлия Молдағұлованың соңғы шайқасы. Ол кезде Новосокольники қаласынан сәл солтүстікке қарай орналасқан аумақта шабуылдау шайқастары жүріп жатты. Ерлігі күллі әлем жадында қалған Әлия Молдағұлова 54 атқыштар бригадасының 4-арнайы атқыштар батальонында қызмет етті. Казачки ауылын басып алуға бұйрық беріледі. Осылайша, сарбаздар Новосокольникиден Дноға апаратын теміржол желісін кесуге мәжбүр болды. Бірақ орасан зор күш-жігер жұмсағанымен, батальон ешқашан ауылды толығымен бақылауға ала алмады. Оны жаудың оқ жаудырған дауылымен қарсы алып, кеңес жауынгерлерін шегінуге мәжбүр етті. Батальон қайтадан шабуылға кіріскенде, қыз алғашқылардың қатарында алға ұмтылып, басқа одақтастарды неміс окоптарына сүйреп апарды. Бұл шайқас екі күнге созылды, оның барысында батыр қыз Әлия 20-ға жуық фашистік жауынгерді өлтірді.

    Түн батқанда ержүрек Әлия барлауға барғысы келетінін білдірді. Қыздың әбден шаршаған түріне қарамастан, командир одан бас тарта алмады. Қайсарлық пен табандылық тағы да жеңіске жетіп, бірнеше жауынгермен бірге жау орналасқан жерге қарай бет алды. Осы барлау кезінде Әлия біздің ұрыс шебімізді атқылап жатқан жау минометін байқады. Қыз гранаталардың көмегімен экипажды шеберлікпен жойды. Ол сонымен бірге тұтқынды - тірі қалған неміс офицерін әкелді. Таңертең сәтті барлау миссиясынан кейін жаңа шайқас басталды. Рота жаудың тоғыз шабуылына тойтарыс берді. Әлия жауға үздіксіз оқ жаудырып, 30-ға жуық фашист солдатын өлтірді. Қолы жау минасының сынығынан жараланғанда да қаруын тастамады. Мылтықтың оптикалық көруі жойылды, бірақ қыз жалғастырды.

    Ол жараны өзі таңып, винтовканы пулеметке ауыстырып, жауларға оқ жаудыруды жалғастырды. Неміс бекінісіне шабуыл жасау туралы бұйрық алынды. Ал, сарбаздарды алға шақырған қазақ қызының қатты дауысымен жауынгерлер бекініске енді. Әлия барлығынан оқ бойы озық болып, алға жылжуды жалғастырды. Оның қолындағы автоматтан тағы 8 фашист өлтірілді. Ажал оны ақыры қуып жетті... Бірақ күтпеген жерден өлімге әкелетін тосын оқиға болды - жау офицері оны күртесінің жеңінен ұстап алды. Бойжеткен тек босап шығып, қаруды оның кеудесіне бағыттай алды. Бірақ жаудың оғы бұл жолы жылдамырақ болды. Өліп жараланғанына қарамастан, ол өзінің соңғы жойылған фашистін атып түсіре алды. Жаралы қызды майдан даласынан қатарластары алып шығып, ауру сарбаздар орналасқан қораға апарады. Бірақ ол бұл жолы өлімнен құтыла алмады - осы ғимараттың төбесінде болған бомба Әлияны өлтірді. Куәгерлердің көзімен Әскери қыздың жолдастары қазақ еңбекшілеріне Әлия Молдағұлованың қалай, қай жерде ерлік көрсеткенін есіне түсірмеген бірде-бір сарбаздың ротасында болмағанын жазған. Олардың бәрі оның өлімі үшін соңына дейін кек алды. Оның бейнесі үнемі олардың көз алдында болды: салмақты, жұмсақ, шайқастағы және күнделікті өмірде қамқор жауынгер. Әлия қазақ халқын қатты жақсы көрді, оның болашағын армандады. Өмірін туған жері мен аяулы жерінің гүлденуіне арнау оның басты мақсаты болды. Сарбаздар өз хаттарында Қазақстанның барша тұрғындарына олардың бақыты үшін жанын қиған бұл тамаша қыздың қандай болғанын, халқының адал қызы болғанын айтып беруді өтінді.Олар жұрттың бәрін: Әлия Молдағұлованың қалай дүниеге келгенін, оқығанын, ерлік жасағанын, өмір сүргенін және қайтыс болғанын білуін қалаған... Болған оқиғаның бәріне өз көзімен куә болған бригаданың бұрынғы командирі, отставкадағы гвардия полковнигі Н.Уральский былай дейді: «….жауынгер Молдағұлова жойған жаулардың санын нақты көрсету мүмкін емес. Құжаттардың көпшілігінде 78 саны болғанымен, нақты саны әлдеқайда көп. Ол шамамен екі жүзге жетеді. Дәл соңғы шайқаста Әлия Молдағұлова бұрын-соңды болмаған ерлік көрсетті. Бұл ерлік оның өліміне соңғы қадам болды».

    Новосокольникидегі қыз қайтыс болған жерде мемориалдық кешен бой көтерді. «Артек» халықаралық балалар лагерінің аумағында орналасқан Артек батырларының құрметіне арналған стеллада да Әлияның ойып жазылған есімі бар. Оған арнап аттас, өлеңдері мен түрлі әндері бар балет бар. Қыз қайтыс болғаннан кейін, 1944 жылы ақын Яков Халемский Әлия Молдағұлованың ерлігін баяндайтын өлеңдер жинағын басып шығарды. Роза Рымбаева «Әлия» әнін орындады, ол тез танымал болды. Бұл орыс тілінен басқа тілдерде жазылған музыкалық шығармаларда өте сирек болды. Әлия Молдағұлованың ерлігі «Әлия» деректі фильмі мен «Мергендер» көркем фильмінде орыс тілінде жаңғыртылған.

    Қазақ халқының даңқты екі өкілінің есімі Ұлы Отан соғысының алтын шежіресіне айналды. Әлия Молдағұлова қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атанған тұңғыш қазақ қызы. Әлия Молдағұлованың ерлігі әлемді фашизмнен құтқарған өз қорғаушыларына шексіз алғысын білдіретін қазақстандықтардың жадынан ешқашан өшпейтін нәрсе.

Әлия Мамбеталинова

«Абылай хан резиденциясы»музей кешенінің

тарих бөлімі меңгерушісі

Қолданылған әдебиет:

1.Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызы // Кеңес Одағының Батырлары: Қысқаша өмірбаяндық сөздік / Алдыңғы. ред. Коллегия И.Н. Шкадов. — М.: Воениздат, 1988. — Т.2 /Любовь-Ящук/. — 863 б. — 100 000 дана. — ISBN 5 203-00536-2. — 105-бет.

2.Смородкин С.Әлия // Батырлар: әйелдер туралы очерктер - Кеңес Одағының Батырлары / ред.-құрастырушы. Л.Ф.Торопов; алғы сөз Е. Кононенко. - Мәселе. 1. – М.: Политиздат, 1969. – 447 б.

3.Кирсанов Н.А. Баратын жер – майдан / Н.А.Кирсанов; Акад. КСРО ғылымдары; Жауап. ред. П.Ф. Исаков. — М.: Наука, 1978. — 119 б.

4.Никифорова Е.КСРО Қорғаныс халық комиссариаты Жалпыға білім беру бас басқармасының Орталық әйелдер мерген мектебі туралы қысқаша мәлімет // Әлия: док., естеліктер, мақалалар, очерктер, т.б. док. батыр кеңесі туралы материалдар. Ә.Молдағұлованың одағы / Құраст. С.Асқаров. — Алма-Ата: Жалын, 1985. — Б.34-41.

5.Отты жылдардың қаһармандары.Кітап 7. – М.: Московский Рабочий, 1984. – Б.291-297.

Аян САДАЕВ: “ТАРИХ САБАҒЫН МУЗЕЙДЕ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНАМЫН”

Аян САДАЕВ: “ТАРИХ САБАҒЫН МУЗЕЙДЕ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНАМЫН”

– Облыс орталығындағы “Абылай хан резиденциясы” му­зей-кешені республикалық ма­ңызы бар сәулет ескерткіші саналады. Мемлекеттік қор­ғау­ға алынған музейдің ты­ныс-тіршілігіне тоқталып өт­сеңіз.

– “Абылай хан резиденция­сы” осыдан 17 жыл бұрын ашылған болатын. Музей кешені үш жүз­дің басын қосқан батыр баба­мыз­дың ел тарихын­да­ғы айшық­ты орнын арттырып, Абылай хан заманынан қалған тарихи ес­керт­кіш екендігін айғақтайды. Ре­зиденцияда төрт зал бар. Абы­лай ханның тынығу бөлмесінде­гі, тақ залындағы және 1771-1780 жылдар аралығында хан­дық құрған кезеңді бейнелейтін жә­дігерлер қазақ халқының тұр­мыс-тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, батырлық-ержүректік қасиетте­рінен сыр шертеді.

Музейде бір жылда 100-ден астам шара өтеді. Жыл басынан бері Павлодар, Астана қалаларында республикалық екі көрме ұйымдастырдық. Соның біріне тоқталып өтер болсам, елорда төрінде өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бары­сын­да қонақтардың назарына бірегей жәдігерлерді ұсындық. Шетелдіктер тарихи дүниелерді үлкен таңданыспен әрі қызығу­шылықпен тамашалады. Облыс көлемінде өтетін ауқымды шара­лар аясында да көрмелер жиі ұйымдастырыла­ды. Өңір аудандарын да аралап, тұрғындардың назарына бірегей экспонаттар­ды ұсынамыз. Алда­ғы күндері об­лыс орталығында “Марал ишан: өмірі мен қоғам­дық-діни және сая­си қызметі”, “Әлихан Бөкей­хан оқулары” атты бірқатар халық­аралық ғылыми-тәжірибелік кон­ференциялар өте­ді. Бұл орайда Қызылорда қа­ласынан келетін тарихи-өлке­та­ну музейі­нің жыл­жымалы көрме­сі бір ай бойы жұртшылық наза­рына ұсы­ныла­тынын айтып өту қажет. Көр­ме “Абылай хан рези­денциясы” жа­нынан ашылған Ис­лам мәде­ние­ті музейінде ұйым­дастыры­лады.

– Мәдени мұраны сақтау мен насихаттауда тарихи-руха­ни орындардың атқаратын рөлі зор. Елдегі мұражайлар заман талабына, келушілердің сұранысына сай болуы қажет. Ол үшін қаржы керек. Мұндай жұмыстардың бірқатары музейге бас сұққан адамдардан түсетін қаражат есебінен жү­зеге асырылатын болар?

– 2018 жылдан бері тұрғын­дар өңірдегі музейлерге тегін кі­ре­тін. Биыл 1 қаза­нынан бастап музейге кіру ақы­лы. Алыстан мен­­мұндалап тұр­ған мұражай мә­дениет саласын­дағы жаңа­шыл­дықтарды да жатсынбай, уа­қыт көшімен алға жыл­жуда. Адамдарға қызмет көр­сететіндік­тен, біз де заман ағы­мына сай жа­ңа мәдени формат­та жұмыс іс­теуге тиіспіз. Сондық­тан бюджет қаржысынан бөлек, өзіміздің ішкі қажеттіліктерімізді қамтамасыз етуге, кейбір шаруа­шылық жұ­мыс­тарға қосымша ақша табуға мүдделіміз. Кешен­нің жылдық бюджеті 100 мил­лион теңгеден аса­ды. Бұл рес­пуб­ликалық ме­кеме үшін көп қа­ра­жат емес. Ең­бекақы, қызмет­кер­лерді ынта­лан­дыру, жөндеу жұ­мыстары сияқты мәселелер бойынша мем­лекет қазынасына алақан жая бергенді өз басым құп­тамаймын. Мұндай мәселе­лердің кейбірін музейдің қосым­ша табысы негі­зінде жүзеге асы­руға болады. Музейге кіру ақылы болғанымен, келушілердің қата­ры сиреген жоқ. Бір адамға небә­рі – 300 тең­ге. Ал студенттер үшін музейге кіру құны 200 тең­гені құрайды. Бұл қаржы қалтаға салмақ сал­майды деп ойлай­мын. Шетелде осындай тарихи-мәдени орындарды аралау үшін бірталай ақ­ша төлейсің. Неге өз елімізде біз тарихи-мәдени мұ­раларымызды құнсыздандыруы­мыз керек? Ұлттық құндылық­тарды қастер­леу, осындай ұсақ шаруалардан бастау алады. Әрі тегін дүниенің қадірі болмайды. Кез келген мә­дениет ошағының өз бюджеті болуы керек.

– Қазақ қоғамында ықы­лым заманнан бабалар мұра­сын, салт-санасын, әдеби туын­дылары мен дәстүрлі өне­рін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі. Бүгінде кешенде бабалар мұрасын ұр­паққа танытатын қанша жәді­гер бар?

– Музейде 700-ден астам жә­ді­гер бар. Сөрелерде Абылай ба­бамыз хандық құрған кезеңді бей­нелейтін құнды заттар жинақтал­ған. Сирек кездесетін тарихи жә­ді­герлерге қол жеткізу оңай емес. Жәдігерлер қорын толықтыру үшін ауылдарды аралап, үлкен­дермен кездесеміз. “Музейге сый” жобасы аясында жеке отба­сылық мұрағаттардан жинақ­тал­ған тарихи жәдігерлер де жоқ емес.

– Музей – өткен тарихты жаңғыртып, бүгінгі құндылық­тарды саралап, Отанға, жерге деген патриоттық, отансүй­гіш­тік сезімді оятып, болашаққа деген көзқарасты қалыптас­ты­руға септігін тигізетін киелі орын. “Абылай хан резиден­циясына” келушілер арасын­да өзінің тарихы мен өткенін білуге құштар жастар бар ма? Жалпы қоғамның қазіргі да­муы­на көзқарасыңыз қандай?

– Өкінішке қарай, соңғы уа­қытта елімізде жасөспірімдердің, жастардың өлімі жиі орын алуда. Отан қорғау үшін борышын өтеу­ге аттанған бозбалаларды ұрып-соғу деректері, тіпті соңы өлім­мен аяқталған жағдайлар да кез­десуде. Әрине, өрімдей ұл-қыз­дардың осындай келеңсіз жағ­дай­ларға тап болуы ойландыр­май қоймайды. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Ұрпақ тәрбиелеу ісінде ұлттық құнды­лық­тарға баса назар аударылуы керек. Жеткіншектер өзінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, өтке­нін, тарихын біліп өссе, халқы­ның нағыз патриоты болады. Қоғамда орын алып жатқан жаға ұстатар жайттар мен қатыгездік сонда тыйылар еді. Тәрбиенің түп қазығы отбасынан, мектеп­тен бастау алады. Сондықтан ата-аналар ұл-қыздарының тәрбие­сін бірінші орынға қоюы ке­рек. Ұрпақ тәрбиесін көңілден жырақ, көзден таса ұстауға бол­майды.

Жас құрақтай өсіп келе жат­қан жеткіншектер арасында му­зейге жиі келетіндер аз емес. Та­рихты білуге деген жастардың ұм­ты­лы­сы ерекше. Мектептермен, Ұлт­тық ұлан академиясымен ты­ғыз байланыстамыз. Оқушылар­дың қатысуымен танымдық ша­ра­лар, экскурсиялар ұйымдас­ты­рылады. Резиденцияда жұ­мыс істеуге ниетті жастар да аз емес. Музейде жұмыс істейтін экскурсия жүргізушілеріміз үш тілді жетік меңгерген. Жауап­кершілігі зор, еңбекқор, білімді жастардың бары қуантады.

Дана халқымыз “өткенді біл­мей, болашақты болжау мүмкін емес” дейді. Осыдан бірер жыл бұрын мектеп оқушылары үшін музейде тарих сабақтарын ұйымдастыру, жоғары оқу орын­дарымен мектептерде “Абылай­тану” жобасын енгізу туралы бас­тама көтердік. Бұл мәселе бо­йынша қалалық білім бөліміне ұсыным хат жолдадық. Бірақ мә­селе жауапсыз қалды.

– Кез келген саланың да­муы менеждерге, яғни басшы­ға тікелей байланысты. Ұжым жаңа күш, тың серпінмен жұ­мыс істеуі үшін белгілі бір жа­ңашылдықтар енгізу қажет. Бүгінде білім беру саласында ұзақ жылдар бойы бір орында отырған мектеп директорла­рының орнын алмастыру тә­жі­рибесі қалыптасқан. Бәлкім мәдениет саласына да осын­дай ротация қажет шығар. Сіз қалай ойлайсыз?

– Әр саланың өз ерекшелігі бар. Мәдениет саласының жұ­мы­сы өте ауыр. Музейде де жұ­мыс көп. Бірақ көп жағдай­да жұмысымыз көзге көрінбейді. Осы салада 35 жылдан бері ең­бек етудемін. Ауылдық клуб мең­герушісінен бастап аудан, қала­лық, облыстық мәдени ұйымдар­да қызмет атқардым. Соның ішін­де он жылдай “Абылай хан рези­денциясы” музей-кешенін басқа­рудамын. Алғашқы еңбек жолым Тәуелсіздіктің елең-алаң тұсын­да басталды. Еңбекақының ор­ны­на азық-түлік берілетін кез еді ғой. Нарықтық кезең басталған тұста осындай азды-көпті қиын­дықтардың куәсі болдым. Музей басшыларын ауыстырып отыру мәселесі облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының құзырындағы шаруа. Бұл бастама қолға алын­са, оған қарсы болмас едім.

– Кез келген саланың да­муы үшін мамандардың әлеу­меттік жағдайының жақсы болғандығы маңызды. Әсіре­се, ұлттың өнері мен рухания­тына еңбек сіңіріп жүрген мә­де­ниет қызметкерлеріне жа­лақы тиісті деңгейде төленуі қажет. Кадр тұрақсыздығына жалақының әсері бар шығар?

– Мә­дениет саласы қызметкер­ле­рінің еңбекақысы бірнеше есе өсті. Де­се де өзге салалар­мен салыс­тыр­ғанда жалақымыз төмен. Мы­са­лы музейде жұмыс істейтін ма­ман­дардың қолына ай сайын 160-180 мың теңге тиеді. Қазақ­стан Президенті Қасым-Жо­март То­қаевтың тапсырмасы бо­йын­ша бүгінде мәдениет саласы қыз­мет­керлерінің жалақысы ке­зең-кезе­ңімен өсуде. Бұл – біздер үшін үлкен қолдау. Әрине, кадр тұрақ­сыз­­ды­ғына жалақының әсе­рі бар. Көп жағдайда жастар жа­ла­қысы жо­ғары орында жұмыс іс­теу­ге ұмты­лады. Бұл – заңды­лық.

– Қазақ халқы үлкенге құр­мет, кішіге ізет көрсетуді тәр­биенің негізі санайды. Көргені көп, түйгені мол қазыналы қарт­тардың еңбек жолы жас­тарға әрқашан үлгі-өнеге. Ұр­пақ сабақтастығына қатысты пікіріңіз қандай?

– Кез келген жұмыста ұрпақ сабақтастығы болуы тиіс. Жас­тарға аға буынның айтары көп. Кейінгі ұрпаққа жол көрсету – үл­кендердің парызы. Біздің ұжым­да ұрпақ сабақтастығы қалып­тасқан. Мысалы, тәжірибесі мол мамандар өздерінің білгендерін жастарға үйретіп, оларды музей ісіне баулиды.

– Күн сайын көзден бұлбұл ұшып жатқан ауылдардың мүшкіл халі алаңдатады. Об­лыста түтіні түзу шыққан көп­те­ген ауыл әп-сәтте қаңырап, тек жұрты ғана қалуда. Қан­ша­ма ауыл құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сынды клас­сиктерді құндақтаған, өзіңіздің туған жеріңіз Жамбыл ауда­нын­дағы көп ауылдың жағда­йы мәз емес. Ақын, сатирик Қажытай Ілиясұлы “Берекесіз ауылдың құты құлар!” деген­дей ауылды сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

– Менің туған жерім – Жам­был ауданындағы Үлгі ауылы. Бү­гінде онда саусақпен санар­лық­тай отбасы тұрып жатыр. Бала­лық шағымыз өткен қасиетті ме­кеннің төмпешікке айналып бара жатқанын көру оңай емес. Жүрек ауырады. Ауылға ата-анамның, туыстарымның әруақтарына құ­ран бағыштау үшін жиі барып тұ­руға тырысамын. Біздің еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жет­кізген жетістіктері де, “әттеген-ай” дегізетін кемшіліктері де аз емес. Отыз жылдың ішінде ауылдардың көбінің құрып кетуі жанға батады. Кезінде сол ауыл­дарда тіршілік қайнап жатушы еді. Ауылды сақтау үшін мемле­кет та­рапынан үлкен қолдау болуы ке­рек. Ауылдарды дамыту бағдар­ламалары болғанымен, әлі де жетілдіретін тұстары бар­шылық. Ең алдымен, жұмыссыз­дық мәсе­лесін шешу қажет. Екі қол­ға бір күрек таба алмаған адамға онда тұрақтап қал деп айта алмаймыз. Тағы бір айтпағым, өз туған жерін түлетуге ын­та­лы кә­сіпкерлердің шоғырын қа­лыптас­тыруға баса мән беруіміз қажет. Осындай ниетті азамат­тарға мем­лекет қолдан келер кө­мегін көрсетсе дейсің.

 – Ашық әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Оймақтай ой

Дана халқымыз “өткенді біл­мей, болашақты болжау мүмкін емес” дейді. Осыдан бірер жыл бұрын мектеп оқушылары үшін музейде тарих сабақтарын ұйымдастыру, жоғары оқу орындарымен мектептерде “Абылайтану” жобасын енгізу туралы бастама көтердік. Бұл мәселе бойынша қалалық білім бөліміне ұсыным хат жолдадық. Бірақ мәселе жауапсыз қалды.

Өмірдерек

Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Үлгі ауылы.

Туған жылы: 12 наурыз 1971 жыл.Марапаты: Мәдениет саласының үздігі, “Еңбек даңқы” медалінің иегері.

Қызметі: “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің директоры.