Абылай хан

Экспозицияның негізі — XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері — Абылай ханның өмірі мен іс-әрекеттері жөнінде. Комплекстің экспозициясы өз көрермендерін Абылай ханның өміріндегі негізгі жағдайлармен таныстырады және әр көрерменді Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелейді.

Мұражай экспозициясы 4 залдардан тұрады.

Бірінші залда  Абылай ханның (азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр) балалық және жасөспірім шағы баяндалады. Оның шығу тегі Дешті-Қыпшақ Жошы, Шыңғысханның үлкен ұлынан тарайды. Абылайдың билік құрған кезі, сонау қазақ халқының тарихындағы қиын-қыстау, аласапыран кезеңінде, қазақ хандығы үш жүзге бөлініп, көршілес Жоңғар хандығының шапқыншылығы кезеңінде өткен болатын. Осы шайқастарда ерлік көрсеткен Абылай ханның қолбасшы – батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Сары батыр, Құлсары, Күлеке, Қожаберген және т. б. Сонымен қатар экспозициямызда ХVIII ғасырдың қару-жарақтары көрсетілген. Екінші залда Абылай ханның дәстүрлі қазақ үрдісіндегі жатын бөлме заттары көрсетілген. Үшінші залдың нақ ортасында Абылай ханның бейнесі, жалпы ұлттық ер адам мен әйел адамның киімдері, қару-жарақтар, тұрмыс заттары қойылған. Төртінші залдағы экспозиция жәдігерлері Абылай ханды ұлы мемлекет қайраткер, данышпан саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы, даңқты ел билеуші ретінде тани алатын материалдармен жабдықталған. Ол қазақ хандығын құра білді және оның мақсаты елді біріктіру еді. Абылай ханның сыртқы саясаты икемділікпен, мәмілеге келушілікпен жүргізілді. Оның Ресей мен Қытай сияқты алып мемлекеттермен қарым-қатынасы басқа Орта Азиялық мемлекеттермен қарым-қатынастардан әжептәуір айрықша болатын. Абылай хан Ресей бодандығынан бас тартқан жоқ, бірақ  екі жақ державаларының өзіне деген ықпалының күшеюінің енуіне жол берген жоқ. Осындай ұлы тұлғаның арқасында қазақ халқы өз ұлттық сана-сезімін, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін сақтап қалды. Ұлы Абылайдың іс-әрекетінің қорытындысы – Қазақстанның тәуелсіз ел болып құрылуына қол жеткізуі.

QR-кодтар

Мұражай келушілеріне арнайы мұражай экспозициясында QR-кодтар орналастырылған. QR-кодтарды қолданудың маңыздылығы – мұражайға келген жеке көрермендер үшін мұражайда қызықтыратын жәдігерлермен толықтай таныса алу мүмкіндігінде.

Бұл қызметпен қолдана алу үшін фотокамерасы бар ұялы телефон болу керек және QR-кодтарды оқитындай құрылғыда программа болуы қажет.

Қазақ тарихында өз өмірін халық тағдырына арнаған мемлекет және әскери қайраткерлеріміз аз емес. Қазіргі таңда біріккен ұлтты, тәуелсіздігімізді, өз жерімізді сақтау мақсатында, осындай саңлақтар тобында өшпес Абылай ханның аруағының да жұлдызы жарқырайды. Оның билік басына өрлеуде өмір жолы да, туғанынан бастап, жастық шағы да өте азапты болды. Абылай хан және сол кездердегі тарихи оқиғалар жөнінде, Абылай ханның өмірі мен қайраткерлігі жайында 2003 — 2004 жылдарда Алматы, Мәскеу, Омбы, Санкт-Петербург қалаларының орталық мұрағаттарынан көптеген құжаттар табылды.  2004 — 2006 жылдары Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы төңірегінде «Абылай ханның резиденциясы» қайта орнына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы құрылды. 2006 жылы сәуір айынан қайта орнына келтіру және жөндеу жұмыстары басталып, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінді.

2020 жылдың мамыр айынан шілдегне дейін “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің ғимаратына және оның аумағына кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу жұмыстары КМК “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізілді.

 

"КМҚК «Абылай хан резиденциясы»"
КМҚК «Абылай хан резиденциясы» КМҚК «Абылай хан резиденциясы»
500 теңге 800 теңге

 

"Ұлы жүздің, Орта жүздiң таралу шежiресi"
Орта жүздiң таралу шежiресi Орта жүздiң таралу шежiресi Орта жүздiң таралу шежiресi
300 теңге 300 теңге 300 теңге

 

Мұражай директоры

Садаев Аян Нәбиұлы

Мұражай директоры

Телефон

(7152) 50-23-47 

Азаматтарды қабылдау

Бейсенбі сағ. 15:00–17:00


Өмірбаян

Туған күні, айы, жылы: 12.03.1971 ж.

Туған жері: СҚО, Жамбыл ауданы, Үлгі ауылы

Ұлты: қазақ

Білімі: жоғары

Оқу орны: Көкшетау университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Білімі бойынша мамандығы: экономист, музыкалық-педагогикалық

Ғылыми дәрежесі, атағы: бакалавр


1989 жылдан — Қорған облысы Дмитриевка ауылдық Мәдениет үйінде көркемдік жетекші.

1989–1991 жж. — Кеңес Армиясы қатарындағы қызмет.

1991 жылдан 2003 жылдар аралығында — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының Мәдениет үйінде музыка жетекшісі, нұсқаушы, әдіскер.

2003 жылдан — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка аудан орталығының Мәдениет үйінде директор.

2008 жылдан — Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2010 жылдан — Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2015 жылдан — Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры.

2017 жылдан — “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің директоры.

2018 жылы — “Мәдениет саласының үздігі” төс белгісімен марапатталып, Мәдениет және өнер қызметкерлері күні Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінен “Алғыс хатқа” ие болды.

Лауазымға тағайындау туралы бұйрық


Қыдбекова Әсемгүл Ерғалиқызы

Директордың орынбасары


Тұрсынов Қанат Шакенұлы

Шаруашылық бөліміның жетекшісі


Қожағұлова Әлия Балташқызы

Бас есепші

Телефон

(7152) 53-13-47


Темірбаева Раушан Оралбайқызы

Экскурсиялық көпшілік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі

Телефон

(7152) 53-09-92


Шераухова Людмила Ивановна

Бас қор сақтаушы


Жүнісов Бауыржан Нәбиұлы

Тарихи-ғылыми зерттеу бөлімнің меңгерушісі