ҚР Президенті Қ. Ж. Тоқаевтың Жолдауына арналған дөңгелек үстел

20 қыркүйек күні сағат 11:00 де ҚР Президент Қ. Ж. Тоқаевтың “Құрылымды сұхбат Қазақстанның тұрақтылығы және өркендеуінің кепілі” атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Нұр Отан партиясының Петропавл қалалық филалының саяси кеңесі мүшесі Ш. Н. Аймуллина, тарихи-өлкетану музейінің қызметкері С. Д Салмұрзин, “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директоры орынбасары Ә. Е. Қыдбекова сөз сөйледі. Жолдауды талқылауға ГТК студенттері және “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері қатысты. Талқылауға қатысушылар саны 35 адам.

Мақсаты: Қазақстан азаматтарын Отанымыздың тұрақтылығы мен гүлденуіне негіз болатын белсенді азаматтыққа тарту.

“Малыш” балабақшасында. “Тілге құрмет, елге құрмет”

2019 жылдың 19 қыркүйегі “Малыш” балабақшасында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған “Тілге құрмет, елге құрмет” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді.

Балалар әр түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Ұлттық әуендердің сүйемелдеуімен түрлі ұлттық ойындар ойнады. Іс-шара соңында біздің көпұлтты еліміздің бірлік, достық пен келісімнің белгісі ретінде танылған шаңырақтың астында би биленді.

Мектепке дейінгі балаларды өз туған елінің дәстүріне, тарихына және мәдениетіне, сондай-ақ, шынайы патриоттылықтың негізін баули отыра музей қызметкерлері балалардың бойына рухани құндылықтарды қалыптастырады.

“Искорка”. “Тілге құрмет, елге құрмет”

2019 жылдың 18 қыркүйегі “Искорка” мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған “Тілге құрмет, елге құрмет” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді.

Балалар әр түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Ұлттық әуендердің сүйемелдеуімен түрлі ұлттық ойындар ойнады. Іс-шара соңында біздің көпұлтты еліміздің бірлік, достық пен келісімнің белгісі ретінде танылған шаңырақтың астында би биленді.

Мектепке дейінгі балаларды өз туған елінің дәстүріне, тарихына және мәдениетіне, сондай-ақ, шынайы патриоттылықтың негізін баули отыра музей қызметкерлері балалардың бойына рухани құндылықтарды қалыптастырады.

“Тілге құрмет, елге құрмет”

2019 жылдың 17 қыркүйегі күні Петропавл қалсының №44 орта мектептің 7–8 сынып оқушыларына Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған “Тілге құрмет, елге құрмет” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді.

“Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері” атты дөңгелек үстел

2019 жылдың 13 қыркүйегі “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған “ЛОРД” лицей-интернаты» КММ, СҚМУ оқытушылары, СҚО білім беру басқармасы қатысты.

Іс-шара өскелең ұрпақта туған жерге, оның мәдениеті мен тарихына деген махаббатты тәрбиелеу, сондай-ақ, “Қазақстанның киелі жерлер картасы” жобасын дамыту мақсатында өткізілді.