“Тілге құрмет, елге құрмет”

2019 жылдың 13 қыркүйегі “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері “Снежинка” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Тілге құрмет, елге құрмет” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді.

Пресновка. “СҚО сакралды картасы”

 11.09.2019 г. учащиеся 10-х классов средней школы имени И. Шухова с. Пресновка Жамбылского района “путешествовали” по сакральным местам Северо-Казахстанской области на музейном уроке “Сакральная карта СКО”, который провел им сотрудник музейного комплекса “Резиденция Абылай хана”.

Музыкалық сандық “Нұр-бала” балабақшасында

2019 жылдың 10 қыркүйегі “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Нұр-бала” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Музыкалық сандық” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді.

Қазақстан – бірліктің ақ бесігі

2019 жылдың 6 қырқүйек күні Петропавл қаласы ҚМүйінде XXI облыстық “Қазақстан – бірліктің ақ бесігі” Қазақстан халқының тілдер фестивалі өтті. Фестивальда қалалық, аудандық шығармашылык ұйымдар қатысты. “Абылай хан резиденциясы” музей кешені “XVIII ғасырдағы казақ халқының қару-жарағы” атты көрмемен таныстырды.

Музыкалық сандық

2019 жылдың 6 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Ақ қайың” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Музыкалық сандық” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді.

Балалар музыкалық аспаптар жайлы өздерінің өрістерін кеңейтіп, ұлтық ойындар ойнап, би биледі.

Мектепке дейінгі балақайлар домбыраның қалай шыққандығы туралы аңызды тыңдады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер Қазақстанда 2018 жылдан бастап аталып келе жатқан домбыра күні туралы білді. Іс-шараның соңында балаларға естелікке домбыра пішініндегі белгішелер сыйға тартылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты балалардың бойында өз халқының ғана емес, сондай-ақ, өз өлкеңнің барлық тұрғындарының мәдениеті мен дәстүріне деген сыйластық, құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.