3 сәуір күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Оқушылар сарайында өткізілетін “Тілшілер үйірмесіне” қатысатын шәкірттерге экскурсия өткізілді.
Жас тілшілер 18 ғасырдағы Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері, қазақ халқын біріктіруші Абылай хан туралы біліп, сондай-ақ, өз өлкелерінің тарихынан кең мағлұмат алды.
Экскурсия соңында балалар өздерін тілші рөлінде музей жайында телебағдарлама дайындау үшін экскурсия жүргізуші А. Ж. Нәбиевпен сұхбат жүргізді.