Петропавл теміржол көлігі колледжінде “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” жылжымалы көрмесі

2021 жылғы 5 сәуірде Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығын мерекелеу аясында Петропавл теміржол көлігі колледжінде “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Студенттер осы тұлғаның өмір жолы, қызметі және Қазақстанның жаңа тарихына қосқан үлесі туралы дәріс тыңдады. Сонымен қатар оқушылар мұрағат құжаттарымен танысты.