Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойы аясында “Әлихан Бөкейханов — ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы” атты жылжымалы көрмені ұйымдастыруды жалғастыруда. Бұл жолы 2021 жылдың 7 сәуірінде Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжіне барды. Студенттерге Ә. Бөкейхановтың өмір жолы, қызметі және Қазақстан тарихына қосқан үлесінің маңызы туралы дәріс оқылды. Сонымен қатар оқушылар мұрағат құжаттарымен танысты. Колледжде көрме 7–12 сәуір аралығында жұмыс істейді.