Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум

2021 жылғы 26 мамырда “Абылай хан резиденциясы” музей кешені мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл шараның мақсаты әріптестік қатынастарды орнату және ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.