Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің “Фараб – Отырар өркениеті” атты тақырыптық көрмесі “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде 2017 жылғы 19 қыркүйек күнінен 31 қазан аралығында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде өткізіледі.
Көрменің мақсаты “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын тарихқа бай, казах өркениетінің алтын шыңы болып табылатын Отырар қаласының тарихымен таныстыру.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет және құжаттамалар басқармасының қызметкерлері, СҚМУ мұғалімдері, өлкетанушылар, СҚМУ мен гуманитарлы-техникалық колледж студеттері және жергілікті БАҚ қатысты.
Солтүстікқазақстандықтардың атынан көрменің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысының міндетін атқарушы З.Т.Нұрмұқанова, СҚМУ мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты А.А.Плешаков, “Асыл мұра” ғылыми орталығының басшысы Т.А.Сүгірбаев сөз сөйледі. Барлық қатысушылар Отырар мұражайының көрмесін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай қорығының зерттеу бөлімінің меңгерушісі Е.Т. Шоқай Отырар және оның Қазақстан тарихындағы өзіндік орны туралы, қаланың археологиялық зерттеулері туралы айтты.
Көрмеге IX–XIX ғасырларға жататын 132 жәдігер қойылды. Олардың ішіндегі ең құндылары — керамикалық ыдыс–дастархан, сазды майшамдар, қытайлық фарфор, күміс пен қоладан жасалған ақшалар, зергерлік бұйымдар. Көрмеге Отырарда өңдірген шыныдан жасалған ыдыстардың бөлшектері қойылды. Отырардың тарихы мен ерекшеліктері туралы Отырар археологиялық мұражай қорығының экскурсия жүргізушісі айтып берді.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді “Фараб – Отырар өркениеті” атты көрмеге шақырамыз!