“Абылай ханның резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Абылай ханның туғанына 310 жылдығына арналған “Абылай хан- қазақ халқының мақтанышы” атты дөңгелек үстелге қатысты.
Музей сонымен қатар “Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан” жылжымалы көрмені көрсетті.