2021 ж. 15 қазан күні Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ғалым, этнограф Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Оқушылар Әлихан Бөкейханов туралы дәріс тыңдап, оның өмірбаянымен, қызметімен және Қазақстан тарихына қосқан үлесінің маңыздылығымен танысты.